«Туған елге тағзым» зерттеу жобасы бойынша экспедиция

«Туған елге тағзым» зерттеу  жобасы бойынша экспедиция

«Туған елге тағзым» зерттеу  жобасыбойынша экспедиция


         2016  -2017 оқу жылының  күзгі демалыс кезінде 3-4 қараша  күндері аралығында «Туған елге тағзым» зерттеу жобасы бойынша Балқаш  қаласының №15 мектеп – лицейдің «Жас патриоттар» мектебінің мүшелерінен құралған зерттеушілік тобы  Ақтоғай жеріне  ат басын тіреді.  Экспедиция  тарих пәнінің мұғалімі К.А. Бейсекина жетекшілігімен өтті.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  және Ә.Бөкейханның туғанына 150 жылдық мерей тойы аясында жасалған  «Туған елге тағзым – 2017» өлкетану – зерттеу экспедициясының  мақсаты: оқушыларға Алаш көсемі Ә.Бөкейхановтың  туған жері Ақтоғай ауданының  мәдени құндылықтары мен табиғатын, тарихи орындарын таныстыра отырып, зерттеу жұмыстарына мәлімет жинауды ұйымдастыру. Бағыттың атауы: «Бабаларды ұлықтау - міндетіміз». Экспедиция уақыты 2 күнге жасақталғандықтан, біз әрбір күнді барынша тиімді пайдалануға ұмтылдық.

          Бірінші күнді Ә.Бөкейхановтың ата- бабалары жерленген «Талдыбейіт» басына арнадық. «Талдыбейіт» - Тоқырауын өзенінің бір бөлігі «Жіңішке» өзенінің бойында, қазіргі «Тоқырауын» ауылы мен Шабанбай би шекарасында орналасқан.Талдыбейітте Ә.Бөкейханның өз қолымен отырғызылған шынар ағашын оқушылар көріп, бабалрына тағзым жасады.

         Екінші күні – Ақтоғай ауданы Ә.Бөкейханов атындағы мектепте, аудандағы «Алаш алаңында»,  саяси қуғын- сүргін құрбандарына арналған «Тарих тағылымы» алаңында, осы алаңда орналасқан «Үш арыс» ескерткішінде, Ә.Бөкейханов атындағы көшеде болдық.

         Екінші күннің жартысында Ақтоғай аудандық  тарихи - өлкетану мұражайын тамашалап көрдік. Мұражай тарихи құнды жәдігерлерді  толы екенін көре алдық.

         Бұл экспедияция оқушыларға үлкен ой салды.Өз ойларымен бөлісу мақсатында оқушылар мектеп – лицейде ғылыми – тәжірибелік конференциясын ұйымдастыруды көздеп, рухани  санасы жаңа идеялармен толықты.