Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Менің Отаным Қазақстан!» атты қалалық компьютерлік слайд-презентация сайсынан №15 мектеп-лицейі ІІ-орын алды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Менің Отаным Қазақстан!» атты қалалық компьютерлік слайд-презентация  сайсынан №15 мектеп-лицейі ІІ-орын алды

2016 жылдың 7-ші қараша күні Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейінде «Менің Отаным Қазақстан!» атты қалалық компьютерлік слайд-презентация  сайсы өтті .Сайысқа қаланың 10 мектебі қатысты.Біздің мектеп-лицейден 4 «Б» сыныбының оқушысы  Мырзалы Бақытжан қатысты.

Сайыстың мақсаты:Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі  туралы  мазмұнды, көркем де бейнелі презентациялар әзірлеу. Сайыс ережесі негізгі ереже мектеп, лицей, гимназияда оқитын 3-4 сынып оқушыларына  арналған «Менің Отаным Қазақстан!» атты презентациялар сайысының мақсатын, міндетін және өткізу ережесін анықтайды.

Презентация  әзірлеуге  қойылатын талаптар:

1.     Тақырыпты аша білу;

2.     Эстетикалық  талғамға сай болуы;  

3.     Көркем, бейнелі түрде рәсімделуі;

4.     Сурет сапасының жоғары болуы;

Қойылған талаптарға сай І,ІІ,ІІІ орын және қалған қатысушыларға алғыс хат берілді.

-         І орын №8 мектеп

-         ІІ орын №15 мектеп-лицей

-         ІІІ орын №16 мектеп