Жалпыға бірдей білім беру пәні бойынша республикалық олимпиаданың мектеп-лицейішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

 Жалпыға бірдей білім беру пәні бойынша  республикалық олимпиаданың мектеп-лицейішілік кезеңінің  ашылу салтанаты өтті.

31.10.2016 күні мектеп-лицейдің «Жетістіктер» залында жалпыға бірдей білім беру пәні бойынша республикалық олимпиаданың І кезеңі 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп-лицейішілік олимпиаданың ашылу салтанатты саптық жиыны өтті. Салтанатты саптық жиында Қазақстан Республикасының Меммлекеттік Гимні ойналды.   Саптық жиынды мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ермағанбетова Г.Ө. ашып, Балқаш қаласының білім бөлімінің 2016 жылғы 28 қазандағы №285 бұйрығымен таныстырды.  Мектеп-лицейішілік олимпиаданың өтетін оқу кабинеттері, кезекшілік кестесі, бақылаушылары үшін  арнайы бұрыш ұйымдастырылды.

Жиын соңынан мектеп-лицей  оқушылары белгіленген оқу бөлмелеріне жіберілді.