«Ағыбай батыр» шаңырақ тобының 5 «Б» , 8 «В» сынып оқушыларынан құралған «Вoockrosing» жобасы аясында ұйымдастырылған «Оқып болсаң, досыңа бер» акциясы өтті.
«Ағыбай батыр» шаңырақ тобының 5 «Б» , 8 «В» сынып оқушыларынан құралған «Вoockrosing» жобасы аясында ұйымдастырылған «Оқып болсаң, досыңа бер» акциясы өтті.
2001 жылы «Буккроссинг» акиясын Рон Хорнбекер ойлап тапты. «Буккроссинг» деген не? Ол адам мен кітап арасындағы байланысты жақындататын, кітап оқуға шақыратын қозғалыстардың бірі. Буккросерлардың мақсаты бір – әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге айналдырудың ешқандай артықтығы жоқ. Егер адам кітапқа қарай жүргісі келмесе, онда кітаптың өзін адамға қарай жүргізіп, оны оқырман орбитасында шыр айналдыру, адамдардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру.
Осы мақсатта «Ағыбай батыр» шаңырақ тобының 5 «Б» , 8 «В» сынып оқушыларынан құралған «Вoockrosing» жобасы аясында ұйымдастырылған «Оқып болсаң, досыңа бер» акциясы 14-ші қазан күні №15 мектеп-лицейінде ашылу салтанаты өтті. «Оқып болсаң, досыңа бер» принципін ұстанатындар негізінде құрылған бұл акцияға мектеп-лицей оқушылары және ұстаздары қатысты. Шараға қатысушылар үйлерінен көркем және ғылыми – танымдық әдебиеттер және де сөздік кітаптар тапсырып, тамаша топтама жинақтады.Мектеп-лицей директоры К.Ш.Дубирбекова.,мектеп-лицей кітапханашысы Г.Т.Башарова., А.Гайдар атындағы орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Сағыныш Мейрамқызы сөз сөйлеп, кітаптар сыйлады.
Сонымен қатар Назарбаев Университетінің 1-курс студенті ,мектеп-лицей түлегі Жақанов Бауыржан өзінің жылы лебізімен, құттықтау тілектерін жеткізді.
Адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін барша жұрттың жүрегіне тегіс жеткізе алсақ, шынында да көп адам бақытқа кенелмейме ?!