«Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда функционалды сауаттылықты қалыптастыру» атты республикалық семинар өтті.
11.10.2016 күніҚарағанды қаласының «Химия биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында НЗМ АҚ тәжірибесін тарату бойынша «Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда функционалды сауаттылықты қалыптастыру» атты республикалық семинар өтті. Әрбір аймақтан 60 мұғалім қатысты. Біздің мектеп-лицей ұжымынан директордың кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары ІІІ(базалық) деңгейлі мұғалім И.Ж.Жуматова, мектеп-лицей эдвайзері, физика пәнінің мұғалімі С.С.Сулейменова, ағылшын тілі пәні мұғалімі, 6Ә сынып жетекшісі Д.Е. Икласбаева қатысып, арнайы сертификтпен марапатталды. Бұл республикалық семинар өте жоғары деңгейде, мазмұнды болды. Білім беру мен тәрбие жұмысының біртұтастығын көрсетті. Оқушылар әлеуеттілігін көтеруші жобалар қорғалды. Семинар өте қызықты, әрі тартымды болғандықтан осы күннен алған жаңалықтарымызбен, жаңашыл идеялармен өз мектеп-лицейімізде бөліспекпіз!