Қалалық мәслихат хатшысы Қ.Ғ.Тейляновтың ата - аналар комитеті, «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Парасат» аналар кеңесімен кездесу өтті.
30.09.2016 күні мектеп-лицейдің мәжіліс залында оқу– тәрбие үрдісіне байланысты толғандырып отырған өзекті мәселерді талқылау үшін, қала тұрғындарының ойында жүрген сұрақтарға ашық түрде жауап беру мақсатында ата-аналар комитеттерінің мүшелерімен кезедесу өтті. Жалпы 65 ата-ана қатысты. Кездесуге Балқаш қалалық маслихат хатшысы Қ.Ғ. Тейлянов, Балқаш қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары А.К . Қуанышбаев қатысты. Алғашқы сөзді мектеп- лицей директоры Қ.Ш. Дубирбекова модератор ретінде сөз алып, 2016-2017 оқу жылында мектептің даму жоспарына сәйкес және НЗМ тәжірибелерін оқу- тәрбие үрдісінде іске асырылып жатқандығы айтылды.
Келесі сөз кезегі Балқаш қаласының мәслихатының хатшысы Қ.Ғ. Тейлянов өз сөзінде ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап, ата-аналардың қойған сұрақтарына толық қанды жауап беріліп отырды.