«Мен елімнің патриотымын!» атты сынып сағаты өтті.

«Мен елімнің патриотымын!»  атты  сынып  сағаты өтті.

09.09. 16. Мектеп -лицей кітапханасы мен  8 В сынып жетекшісі С.А. Алимбетованың ұйымдастыруымен   білім күніне арналған  «Мен елімнің патриотымын!»  атты спортты сүйетін, салауаттық өмір салтын сақтайтын 8 В сынып оқушыларының бірлесуімен   сынып  сағаты өтті.  Іс-шараға қалалық білім бөлімі әдіскері Г.Б.Әсемханова қатысып, өзінің  ойын  айтты.

08.09.2016ж.  Жас бүлдіршіндердің  оқу-танымдық  қабілетін оятып, кітап оқуға  деген қызығушылығын арттыру   мақсатында 1 сынып оқушылары «Кітапхана-руханият ордасы» атты  кітапханаға саяхат  жасады.

Кітапханашы  кішкене оқырмандарға  кітапханамен, кітапхананың пайдалану ережесімен, балаларға арналған «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Бала би»,  «Ұлан»  атты мерзімді  басылымдарымен таныстырды. 

Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру, патриоттық тәрбие беру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында  «Ата заң- алтын діңгегім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.