Қыркүйектің 7-сі күні 9 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы болып өтті.
7-ші күні 9 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы болып өтті. Кәсіптік бағдар беру аясында, балалардың дұрыс тамақтануы және қауіпсіз интернет «Ата-ана бақылауы» қызметі жайлы ақпарат берілді. Күн тәртібінде оқушылардың құқықтары мен міндеттері, мектеп-лицей ішкі тәртіп ережелері, қоғамдық орында жүріп тұру ережелері туралы айтылып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауап алды.
Дата: 7.09.2016, 13:27 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі