Размер шрифта:

1 қыркүйек Білім күні

1 қыркүйек Білім күні

        1 қыркүйек Білім күні- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ҚР Конституциясы күніне арналған арналған «Мен – Отанымның патриотымын» атты салтанатты мерекелік жиын өтті.

       Бұл салтанатты жиынға Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлмағанбет Байзақ Әлмағанбетұлы, Балқаш қаласының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәукербеков Совет Кәукербекұлы, ауған соғысының ардагері Аязбаев Мұрат Жолдасбаевич , «Парасат» аналар мектебінің мүшесі Куликова Сауле Қалқақызы қатысты.  

      Салтанатты жиын басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп Қазақстан Республикасының гимні орындалды.

       Салтанатты жиынның Ресми бөлімінде сөз алған мектеп директоры Қ.Ш.Дүбірбекова биылғы оқу жылының ерекше жыл екенін атап өтіп, мектебіміздің 8 жылда жеткен жетістіктеріне қысқаша тоқталып, мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша ата-аналарға, қонақтарға қысқа ақпарат берді.

        Ал өз кезегінде  Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлмағанбет Байзақ Әлмағанбетұлы  мектеп- лицейіміздің алдыңғы қатарлы ұстаздары мен интелектуалдық сайыстарда жетістікке қол жеткізген бірқатар оқушыларды атап өтіп, мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді және ата-аналарды мерекесімен құттықтады.

       Салтанатты жиынның бей ресми бөлімінде мектеп-лицей оқушылары мемлекеттің  көк байрағы спорт жарыстарының бірегейін «Салауатты өмір нұрлы болашақ» композициясы арқылы жеткізді. 11 А сыныбы 2016-2017 оқу жылының түлектері, яғни мектеп-лицейіміздің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа- тұс келіп отырған  8-ші түлектер алдыңғы толқын аға-апаларының ізін басып келе жатқандықтарын жеткізіп, шынайы тілектерін бідірді. Осыдан кейін ортаға мектеп табалдырығын «8»-ші болып аттағалы тұрған 1 сынып бүлдіршіндері шығып ел сенімін ақтайтындықтарын жеткізіп жүрек жарды өлең жолдарын оқыды. Алғашқы қоңырау соғу салтанаты 11-шы сынып оқушысы Жамел Ернұр мен «Мектепалды даярлық тобын» үздіксіз бітірген Манатқали Малика мен балбақшаны үздік бітірген Асылбеков Нуралиға берілді. «Мен өз елімің патриотымын » атты алғашқы сынып сағаты әрбір сыныптағ әрбір шаңырақ топтарда жаңа форматқа сай  өткізілді.