«Елбасымен бірге ел үшін» Республикалық көшбасшылар слеті ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 5 жылдығы аясында «Елбасымен бірге ел үшін» Республикалық көшбасшылар слеті ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Алматы қалалық Оқушылар сарайының жанындағы жазғы демалыс лагерінде, 27-ші маусым мен 1- ші шілде аралығында өтті.
Слетке әр өңірден бір Ұланбасы, үш көшбасшылар, бір тәлімгер және ұйымның атқарушы хатшылары қатысты. Слет аясында ұйымның 5 жыл ішінде атқарылған жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып, балалар ұйымының клешекте дамуының стратегиялық жоспарлары анықталды.
Қатысушылардың көшбасшылық, жобалық және топтық жұмыстағы біліктіліктерін және білімдерін арттырды.Қазақстан Республикасы өңірлері арасында жұмыс тәжірибесімен алмастық.
Балалар мен жасөспірімдерде интелектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, балалар қозғалысының өзекті деген мәселелерін шешуге, отансүйгіштік сезімдерін дамыту және ұйым өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру мақсатында өткен слетта мектеп-лицей аға тәлімгері Гүлнұр Дәулетбекқызы алғысхат, сертификатпен марапатталды.