Размер шрифта:

«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының II кезеңі ашылуына орай өткізілген іс-шара туралы ақпарат

«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының II кезеңі ашылуына орай өткізілген іс-шара туралы ақпарат

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жаңа техногияларды пайдалану, тәрбие үрдісін психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етіп, түрлі бағыттағы іс-шаралар, ата-аналардың сұранысына, оқушылар деңгейіне арнайы дайындалды. Осы мақсатта I маусым ойдағыдай аяқталып, ата-аналар сұранысы бойынша II кезең өз жұмысын бастады.Баланың жақсы өсуімен қатар мазмұнды ойындар ойнату, дүниетанымын кеңейтіп, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін тренингтер өткізілу жоспарланған. II кезеңнің ашылу барысында мектеп-лицей директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.Ө. Ерменбетова демалушыларға жақсы демалып қайтуына сәттілік тіледі, жазғы сауықтыру орталығының демалушылары «Ертегілер әлеміне саяхат» саяхат жасаса, тәрбиешілер мен оқушылар өнерлеріне ата-аналар ризашылығын білдірді..Мерекелік іс-шаралардан кейін балаларды жас ерекшеліктеріне байланысты «Достық», «Болашақ» атты топтарға бөлінді. Әр күн орталықта таңертеңгі жаттығулар мен саптық жиындар өтіп, алдағы күннің жоспары хабарланды. Демалушыларға қызықты, сәтті өтуіне лагерь басшысы Бекышова Л.Д., ойы ұщқыр, талабы биік тәрбиешілер Алиева Д.Б., Бархыбаев А.М., Жанаева Ж.Д., Спан А., салауатты өмір салтын сақтауға бағыттаған жоспармен мектеп-лицей медбибісі Айткельтирова М.С., ән мен бидің құдіретін ұғындырып жүрген музыка жетекшісі Азимбетов Е. Ас – адамның арқауы дегендей балаларға дәмді тамақ даярлап жүрген аспазшылар Кожамбердиева С., Зорубекова Ж., Есембаева Г. айтып өтуге болады. Сондай-ақ балалардың қызығушылықтарын анықтау мақсатында  «Мен лагерді қалай қызықты өткіземін?» атты сауалнама жүргізілді.

2-күн. 22.06.16. «Салауатты өмір сүру салты»

Бүгін демалыстың екінші күні оқушыларды күтіп алып, түгендеп, таңғы жаттығуымызды орындадық. Жаттығу жасау барысында түрлі дене -қимыл қозғалыстарын орындап, шынықтық. Балалар көңілді күймен таңғы жаттығуларын жасап, флэшмоб ұйымдастырылып, таңғы асқа бардық. Таңғы астан кейін дұрыс тамақтану ережелерімен таныстырдық. Суреттер арқылы мысалдар келтіріп, оқушылар өз пікірлерін білдірді.  Тамақтану тәртібін де қарастырдық.

Балалар дұрыс тамақтанудың ережелерін біліп, адам ағзасына зиянды тағам түрлерін атап берді.Алдымен, балаларға көкөніс түрлері бейнеленген суреттер таратылды, сонымен қатар ағзаға кері әсер беретін тағам түрлері де таратылды. Балалар өздері көкөніс түрлерін адам денсаулығына пайдалы екенін біліп, тақтаға жабыстырды. Өз ойын ашық жеткізген Эльнара мен Арсен болды. Қағаз бетіне жазылған адам денсаулығына зиянды және пайдалы тағам түрлері жазылған қима қағаздар таратылды. Балалар оның ішінде пайдалы және денсаулыққа зиян  тағам түрлерін атап шықты. Көкөніс түрлерін тақтаға іліп, балалармен бірге ойындар ұйымдастырылды. Мұндағы басты мақсат- балалардың болашақта салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруына, денсаулыққа пайдалы және зиянды тағамдарды білуі. 

Түстен кейін оқушылармен бірігіп қызықты ойындар өткіздік. Осы ойындар арқылы оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиеледік.Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелейтін, әрі өте қызық «тамшылар» ойынын ойнадық. Оқушылар бесін астарын ішіп, үйлеріне жақсы көңіл-күймен қайтты.

3-күн. 23.06.16. «Менің сүйікті қалам»

Бүгінгі күні таңертең балаларды түгендеп, таңғы жаттығуға дайындық жасадық. Жазғы сауықтыру орталығына келген демалушы балалардың бүгінгі көңіл күйі ерекше болды, себебі, олар жергілікті мұражайға саяхат ұйымдастырылатынын білген еді. Таңғы жаттығуды тәрбиешілер мен балалар бірігіп жасадық. Жаттығу балаларға өте қатты ұнайды.

Таңғы ас ішіп болғаннан соң, балаларға «Зверополис» атты мультфильм көрсетілді. Бұл мултьфильмнің желісі жануарлар дүниесі,олардың өмірде алатын орыны болатын. Балаларға бұл адамгершілік, достық, адалдық пен сыйластыққа тәрбиелейтін желі болатын. Әсіресе, аса зейінмен тамашалаған Айсара, Илияс,  Дилярам, Айзатқа көрсетілген фильм жүйесі өте қатты ұнады. Жалпы алғанда, балалардың барлығына дерлік ұнады, оны балалардың көңіл-күйінен байқауға болады.

Ұйымдасқан түрде мультфильм тамашалап болған соң, «Балқаш қаласының тарихи-өлкетану мұражайына» саяхатқа аттандық. Оқушылардың көңілінде бір ғана сұрақ болды, мұражайдан не көреміз деген. Бізге де балаларға мұражайды көрсетіп, өз өлкесінің тарихын, өндіріс орындары мен жануарлар дүниесін, жалпы адамның қоғамдағы үлкен орны бар екендігін дамытып, түсіндіру болатын. Балалар мұражайға қызыққандығы соншалық, «қашан келеміз» деген сұрақтарды қоя бастады, әрине, бұл баланың қызығушылығын ерекше ояттық деген сөз. Алғаш кіргеннен бастап, балаларға «алғашқы адамның пайда болуы мен тіршілігі, алғаш қолданылған құрал-саймандар», «жануарлар әлемі» экспозициясын мұражай қызметкерлері таныстырды. Әсіресе, балақайларға алғашқы адамдар қолданған құрал-саймандар аса қызықты болды. Өздерін мазалаған сұрақтарды мұражай қызметкелері мен бізге қоюмен болды. Сонымен қатар қазақтың қоғам қайраткері, ұлы ұстаз, этнограф Әлихан Бөкейхановтың өмірбаянымен таныстырды.  Сонымен қатар, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен киім үлгілері экспозициялары балаларға өте қатты ұнады. Тамашалаған қазақтың ұлттық саз аспаптары, қолөнері мен суреттері, таңбалы тастары, барлығы дерлік біздің балалардың көңілінен шыққанына нық сенімдіміз.  Сондай-ақ жергілікті жердегі кәсіпорындарда өндірілетін тағам өнімдері (қаймақ, айран, шұжық және т.б) балалардың қызығушылығын туғызды. Көрмеден алған әсерлерін сауықтыру орталығына келіп бір-бірімен бөлісті. Бұл- балалардың өз өлкесін сүюге,табиғатты аялауға, елінің патриоты  болуына, адамгершілік және рухани тәрбие алғанына біздің бір септігіміз тигеніне қуаныштымыз. Мұражайға барғандағы мақсатымыз осы болатын.

4-күн 04.06.14  «Денсаулық - зор байлық»

Бүгін әдеттегідей ерте келіп, оқушыларды күтіп алдық. Жаттығуымызды жасап, таңғы асымызды ішіп болған соң,балалармен жоспар бойынша о      йын залында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында тренинг өткіздік. Түрлі-түсті смайликтер арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін анықтап алдық. Оқушыларды шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу мақсатында өлең шумақтарын құрастыру, адасқан әріптер, жұмбақтар берілді. Тренинг соңында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбы аясында тіс саулығытуралы бейнеролик көрсетілді. Содан соң мектеп ауласына шығып, әр түрлі спорттық ойындар ойнап сергіп қайтты. 

Ұйқыдан тұрған соң балалар бесін астарын ішті. «Денсаулық – зор байлық» тақырыбына орай мектеп-лицей медбибісі балалармен сұхбат жүргізді, денсаулыққа пайдалы дәрумендер жайлы айтылды. Оқушыларға «Қозғалыс – бұл өмір» тақырыбында бүктемелер таратылды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне қайтты.

5-күн. 27.06.16. «Кино әлеміне саяхат»

Бүгін  демалушыларды таңертең  күтіп алып, түгендеп, таңғы жаттығуымызды көңілді музыкамен орындадық. Жаттығу жасау кезінде денсаулығымызды шынықтыратын түрлі дене -қимыл қозғалыстарын орындап, шынықтық. Балалар көңілді күймен таңғы жаттығуларын жасап болған соң, таңғы асқа бардық.

Таңғы астарын ішіп болған соң, демалушылар «Е» блогына қызықты тренинг-сабаққа аттанды.  Қызықты «Кино әлеміне саяхат» атты тренинг-сабағымызға сай,  демалушыладың сүйікті істері жайлы айтқыза отырып, кино жанрларымен таныстық. Киноның тарихын қысқыша және нақты мәлімет бердік, балалар зейін қойып тыңдады. Берілген терминдерге балаларды екі топқа бөліп, яғни жас ерекшеліктеріне қарай: «Болашақ» және «Қыран» тобы сөйлемдер құрастырды. Әсіресе ерекше әдемі сөйлемдер құрастыра білген - Ельнара, Жамиля, Адия болды.  Балаларға  кино туралы диалог құрастыру тапсырма беріліді. Барлығы қуана қызықты тапсырманы орындады.  Сергіту сәтінде мультфильмдердің музыкаларын жұмбақ ретінде тыңдатып ойнаттық. Осылай балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытып, ақпараттық - коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырдық. 

Қызықты тренинг-сабағымыз аяқталғаннан кейін, демалушылар асханаға түскі астарын ішуге аттанды. Асханашылар дайындаған дәмді астарын ішіп болған соң, «Әлем» кинотеаторына аттандық. Демалушылардың кино өнерін бағалай білуге, өнерді сүюге тәрбиелеу білуге үйрету үшін Walt Disney компаниясы ұсынған «Дори» мультфильмін көрдік. Мультфильм аяқталған соң барлығымыз көңілді көңіл-күймен мектебімізге аттандық. Осылай балаларға «Кинотеатр әлеміне саяхат»атты тақырыбына сай кино туралы қызықты мәлімет бердік.

6-күн. 28.06.16. «Қызықты ойындар»

Бүгін  демалушыларды таңертең  күтіп алып, түгендеп, таңғы жаттығуымызды көңілді музыкамен орындадық. Жаттығу жасау кезінде денсаулығымызды шынықтыратын түрлі дене -қимыл қозғалыстарын орындап, шынықтық. Балалар көңілді күймен таңғы жаттығуларын жасап болған соң, таңғы асқа бардық.

Таңғы астарын ішіп болған соң, демалушылар Оқушылар сарайына жоспар бойынша бекітілген «Шар айна стартинейджер» іс-шарасына қатысты.

Демалушылар оқушылар сарайынан келген соң «ойын залына» қызықты тренинг-сабаққа аттанды.  «Қызықты ойындар» атты ойын сабағымызды бастадық. Алдымен балаларға ойын және ойын түрлері жайлы мәліметтер беріп кеттік. Ойын сабағымызда дидактикалық – құрылыс, қимылды, ұлттық ойындар ойнатуды жөн көрдік. Содан соң балаларды екі топқа бөліп алдық. 1-ші топ «Қыран», ал 2-ші топ «Болашақ» тобы болып аталды.

Ең бірінші ойынымыз: «Кубик лақтыру». Бұл ойын 3кезеңнен тұрады. Бұл ойынға Эльнара, Мейіржан, Мухаммедали, Айзат, Жамиля, Ақылжан қатысып белсенділік танытты.

2-ші ойын «Түстерді ағылшын тілінде айту».  Жас ерекшеліктеріне қарамастан Айсара, Адия өте жақсы көрсеткіш көрсетті. Болашақ тобына 4 ұпай әкелді. Ал Ерхан мен Асия өз тобына 3ұпай жинап берді.

3-ші ойынымыз «Боулинг» деп аталды. 2 топтанда барлық балалар қатысты. Ойын өте қызықты, әрі тартысты өтті.

4-ші кезең «Эстафета». Балалар жылдамдықтарын, күштерін, ауыз біршіліктерін көрсете білді. Ең тартысқа толы ойын эстафета жарысы болды.

Ең соңынан ұлттық ойындар ойнаттырдық. Ұлдар мектеп ауласында «асық», ал қыздар «сақина салмақ», «допты қуып жет», «орамал тастамақ» ойындарын ойнады.

7 – күн. 29.06.2016  «Құтқарушы болу қиын ба?»

Бүгін  демалушыларды таңертең  күтіп алып, түгендеп, таңғы жаттығуымызды көңілді музыкамен орындадық. Жаттығу жасау кезінде денсаулығымызды шынықтыратын түрлі дене -қимыл қозғалыстарын орындап, шынықтық. Балалар көңілді күймен таңғы жаттығуларын жасап болған соң, таңғы асқа бардық.

Таңғы астарын ішіп болған соң, демалушыларға құтқарушылар жайлы видео ролик көрсеттік. Сонымен қатар балаларға суға шомылуға барғандағы қауіпсіздік ережелерін айтып бердік.

Сағат 10/30да балалар «су құтқару станциясына» жоспар бойынша алып бардық. Онда өте қызықты болды.

«Су құтқарушылар станциясында» Судағы қауіпсіздік шаралары. өмір қауіпсіздігінің ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар алғашқы көмек көрсетуді балаларға үйретті.

Су құтқарушылар станциясынан келген соң түскі астарын ішті. Содан соң тынығуға жатты. Ұйқыдан тұрған соң бесін астарын ішті.

Балаларға ең алдымен видеоролик көрсеттік. Содан соң қоршаған орта, яғни табиғат, су, ауа райы, өрт, ауа, бұлт, жаңбыр сияқты сөздердің ағылшынша аудармасын үйрету, сонымен қатар балаларды қызықтыру мақсатында пазл құрастырып білімдерін шыңдадық.

8-күн. 30.06.16. «Кітапхана-білім ордасы»

Таңертең демалушыларды күтіп алып, таңғы жаттығуымызды көңілді музыкамен мектеп ауласында жасадық. Аш қарынға жасалған жаттығулар демалушыларға қуат беруге септігін тигізді. Көңілді таңертеңгі жаттығу балалардың күнделікті сүйікті ісіне айналды.

Таңертеңгілік ас ішіп болғаннан кейін, балалармен бірге кітапханаға саяхат жасадық. Балалар кітапханадағы көрнекілікпен танысты, ұнаған кітаптарын алып оқыды. Бір-біріне көрсетіп, баяндап жатты. Кітапхана- рухани тәрбие беретін білім мен ғылым ордасы екені түсіндірілді.

Кітапханадан келген бетте, «кітапхана- ғылым мен білімнің қайнар көзі» тақырыбында тренинг өткізілді. Балаларға әртүрлі кітаптар үлгілері таратылды.  Балаларға кітапты күтіп ұстаудың ережелерін қима қағаздары арқылы таратып бердім. Өздері дұрыс жауапты айтып, таңдайлары тақылдап айтып жатты.  Арамыздағы жас демалушыларымыздан кітап туралы сауалнама алынды. Ғалымқызы Айсара, Әбеу Аружан, Скаков Айбек, Манарбек Ақмейір қойылған сауалдарға жауап берді. Балалар біз ойлағаннан да белсенді қатысты. Кітапхана мен кітап егіз ұғым екенін, кітапты оқу, рухани байлық алу ұғындырылды. 

Түскі ас ішіп боған соң, балалар тынығу уақытына дайындық жасады.  Кешкі ас ішіп болған соң, балаларды сергіту мен ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында ұл балаларға асық ойнаудың және оның жаңа әдіс-тәсілдерін үйреттік.

9-күн. 01.07.16. «Достық күні»

Таңертең демалушыларды күтіп алып, таңғы жаттығуымызды көңілді музыкамен «Е» блогында жасадық. Аш қарынға жасалған жаттығулар демалушыларға қуат беруге септігін тигізді. Сонымен қатар денсаулығымызды шынықтыратын түрлі дене - қимыл қозғалыстарын орындап, шынықтық. Балалармен бірге таңғы жаттығуымызды аяқтап болған соң, мектеп асханашылар дайындаған таңғы асымызға бардық.

Балалар таңғы астарын ішіп болған соң, ойын залына «Достық күні» атты тренинг-сабағымызға аттандық. Барлығымыз сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберге тұрып бір-бірімізге күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы көңіл-күй тіледік. Бір-бірімізге тілек айтып болған соң, демалушылардан достық туралы сұрақ-жауап ретінде сұхбат алынды. Барлық балалар достықтың не екенін, бағалау керектігін, қайдан табуға болатынын жақсы түсіндіре алды.

Тақырыбымыздың мақсатына сәйкес, демалушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту және  достық сезімін дұрыс түсінуге, бағалауға баулу болды. Тақырыптың соңында барлығымыз «Жан достар» атты ән орындадық.

«Достық күні» атты тренингімізді аяқтап болған соң барлығымыз екі-екіден сапқа тұрып, тамаша көңіл-күймен «Miki House» ойын-сауық орталығына аттандық. Балалар қызықты ойындар ойнады.

Miki House ойын сауығында ойнап болған соң мектепке аттандық. Балалар түскі астарын ішіп болған  түскі ұйқыға аттанды. Ұйқыдан тұрған соң «Астана күні» мерекелік іс-шараға  дайындалдық.

10- күн. 04.07.2016ж.«Астана-бас қалам»

Бүгін біз үшін ерекше күн, себебі еліміздің елордасы Астана қаласының күні тойлануда. Бүкіл еліміз бойынша Астана қаласының мерейтойына арналған іс-шаралар болып жатыр. Біз де балаларды ерекше мерекелік көңіл күймен қарсы алдық, себебі Астана күні, Тәуелсіз елдің бас баласы, елордасы, қазақтың жаухар қаласының туған күні. Таңғы жаттығу жасап болғаннан кейін, таңғы ас ішуге бардық.

Мерекеге орай «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығымызда «Астана-бас балам» атты мерекелік байқау ұйымдастырылды. Елордамыз Астана күніне орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясымыз ұштастыра отырып ұйымдастырдық. Мерекелік байқауға жазғы демалушылардың барлығы қатысты, сонда-ақ ата-аналар да тыс қалмады.

Көпшіліктің, ата-аналар тарапынан айтылған мақтау сөз балаларды шаттыққа бөлеп, миғражға шығарды. «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының жас демалушыларын атап өтсек, Ғалымқызы А, Алтай А, Әбеу А, Манарбек А, Тишбеков Ә, Бейімбетова А, үш тілде еркін айтып берсе, өз кезегінде байқау барысында ерекше көзге түскен Енсепов М, Абдрахова Ж, Анарбай М, Канатова А, Кенжебай Е, Гасимкулова А, Кикбай А, Ернатова Д, Ақбөкеев С,  А.Канатты атап өтуге болады. Байқау өз дәрежесінде өтіп,  қатысушы балаларға марапаттар тапсырылып, сыйлықтар үлестірілді.

11-күн  05.06.16.  «Астана, туған күніңмен»

Бүгін жазғы сауықтыру орталығындағы ерекше күндеріміздің бірі – «Астана» күні.  Еліміздің бас қаласы Астанамыздың туған күніне орай демалушылар арасында Мысшылар сарайында іс-шаралар өткізілді. Таңғы жаттығуымызды жасап, асымызды ішкеннен кейін демалушы балалармен бірге спектакль тамашалауға бардық. Астана күніне орай өткен мәдениет үйіндегі диско кешке қатысып, балалар «Астана» тақырыбында асфальтқа сурет салды. Жазғы сауықтыру орталығының демалушысы Абдрахова Ж. мерекелік күнге орай «Өркен Медиа» телеарнасына сұхбат берді.

Бүгінгі күннің қызықты өткені сонша балалар уақыттың қалай өтіп кеткенін де аңғармай қалды. Бесін астан кейін балалар Астана туралы тұсаукесер көріп, оны өзін ара талқылады. Астана туралы өз ойларымен бөлісті. Жақсы көңіл күймен үйлеріне қайтты.

12- күн. 07.06.14  «Көңілді күн»

Бүгін біз әдеттегідей күнімізді таңғы жаттығуымызбен бастадық. Таңғы астан кейін балалар қыздар және ұлдар болып бөлініп, мектеп ауласында әртүрлі ойындар ойнады.  Содан соң өткен Астана күніне сәйкес демалушылар арасында «Астана – бас қалам» атты сурет сайысын өткіздік. Осы арадабалалар өздерінің интеллектуалдық білімдерін, спорттық  және шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

13- күн. 08.07.16«Ең қауіпті мамандық»

Демалушылар тынығып болған соң, барлығымыз жиналып «Өрт сөндірушілер» орталығына жалдамалы көлікпен аттандық. Өрт сөндірушілер орталғында Старший инженер СПЧ -  45 Грабовкий бізді күтіп алып, орталықпен таныстырды. Демалушыларға ең алдымен өрт сөндіру машиналарымен, өрт сөндіруге арналған құралдарды көрсетіп, толықтай мәлімет беріп өтті.

Содан соң шұғыл хабар келген кезде өрт сөндіруші бізге практика жүзінде өрт сөндірушілердің жылдамдыққа қалай киінетінін көрсетті.

Өрт сөндірушілер өрт сөндіру барысында ол процесс қалай жүретіні практика жүзінде көрсетті. Яғни, баспалдақ арқылы үйлер немесе ғимараттарға қалай көтерілетіндерін демалушыларға көрсетті.

Сонымен қатар қыс мезгілінде жолда қалып қалған автокөліктерге танк арқылы көмек көрсететіндерін айтып кетті және демалушыларға танктің ішін көрсетті.

Демалушыларға «Өрт сөндіру орталығы» қатты ұнады. Әсіресе ұлдар өскенде өрт сөндіруші боламыз деп алдарына мақсат қойып алғыстарын айтып, риза болды. Демалушылардың өрт сөндіруші мамандығына  деген құштарлықтарын ояттық.

14- күн. 11.07.16«Біз балдырған баламыз,әрқашан дос боламыз!» II кезеңнің аяқталу күні.

«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының бүгін соңғы күні. Күнделікті бабаларды қабылдап алып, әдеттей айнымай таңғы жаттығуға бардық.

Таңғы жаттығу жасап болғаннан кейін, таңғы асқа бардық. Тынығушы балалардың бүгін көңіл-күйі ерекше. Балалармен бірге ойын залында түрлі ойындар ойнатылды.Әрине, музыка сүйемелдеуімен ұйымдастырылып отырған ойындарымыз қызықты бола түсті. Біз, мұғалімдер үшін балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу ең маңызды мәселе болатын.

Ойындарымызды көңілді өткізіп болған соң, балалармен бірге «Mikki House» ойын-сауық орталығына жол тарттық. Орталықта балалар тамақтанып, түрлі ойындар ойнады.

Ойын-сауық орталығынан кейін мектепке келіп, ұл балалар асық ойнады. Балалармен бірге біз де қимай қоштастық. Балалардың «рахмет» деген сөзі көңілге қуаныщш ұялатты. Жазғы сауықтару орталығында бізбен өткізген әрбір күні балаларға көңілді, әрі тиімді ұйымдастыра алғанымызға қуаныштымыз.