Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі» атты мектеп бітірушілер кеші

Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі» атты мектеп бітірушілер кеші

Мақсаты: Оқушылардың жалпы орта мектепті бітіру туралы Аттестат беру, тәуелсіз Отанымыздың білімді, жан- жақты дамыған қабілетті зияткер тұлға тәрбиелеу.                             17.06.2015 күні мектеп- лицейдің мәжіліс залында жас жүрекке от беретін, елім-жерім деп еміренетін, мемлекетім деп мейірленетін, балалықпен қоштасар,үлкен  өмірмен  достасар, сеніммен сезімге толы шұғылалы мектеп бітірушілердің  ресми куәлік алу  кешіне «Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі»тақырыбында өте тартымды өтті.                        Мектеп - лицейдің директоры Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Дүбірбекова  Қарлығаш Шәкәрімқызы құттықтау сөз сөйлеп, орта білім туралы аттестат және Ұлттық Бірыңғай тестілеу сертификатын табыстады.   Дәстүрлі кубок тапсыру рәсімі де сырттан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар, ұпақ тәрбиелуде айрықша еңбегі үшін жас түлектердің ата-аналарын арнайы алғыс хатпен марапаттады.  10 сынып көшбасшыларының жарықжұлдызы Әуелбек Айбар «Анаға сәлем» әнін орындап берді.                ІІ блок салтанатты бөлімін 10 сынып көшбасшыларының арнайы жас түлектерге арнап жасаған видеоқұттықттауы көрсетілді. Дарынды да талантты  тұлға Жамел ернұр «Мектебім» монологын оқып, көшбасшылар мектебі тақырыптық сахналық қойылым көрсетті.  Білімді ұрпақтардың қанаттарын қақтырып,үлкен өмір жолына аттандырып отырған аяулы ұстаздарына арнап Сейткамал Назерке мен Әуелбек Айбар «Ұстазым» әнін тару етті. «Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі» атты мектеп бітірушілер кешіне 2014-2015 оқу жылының түлектері жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің І курсын тәмәмдаған Өмірбаев Абылай кешіміздің қонағы ретінде жас түлектерге құттықтау сөзін айтса, 10 сынып көшбасшылары Мерекелік вальс көрсетті.  Ал бүгінгі ештің жас түлектері ұстаздарына жүрек жарды т.лектерін жолдап, «Елге тілек» әнін тыңдаушылардың құлағына жеткізе білді.                                                        Кеш соңында осы жылдар бойы білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындаған ұстаздарына мың алғыс білдіре отырып, қош бол мектебім әнін орындап, естелік суреттерге түсті.