Ұлттық аза тұту күні

Ұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысындағы террористік әрекеттерге байланысты Қазақстан халқына мәлімдеме жасап, 9 маусымды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Осы күні «Балдәурен» сауықтыру орталығының  демалушылары  1 минут үнсіздік жариялады.

Балқаш қаласының тұрғындарна Ұлттық аза тұту күніне орай террористік әрекеттерді алдын алуға байланысты үнқағаздар таратылды.

Сонымен қатар «Балдәурен» сауықтыру орталығының «Достық» және «Болашақ» топтары арасында «Денсаулық зор байлық»  атты пікірталас сағаты адам денсаулығының қымбаттылығын, басты байлық екенін ұғындыру және танымдық қабілеттерін дамыту, тазалыққа, спортқа тәрбиелеу мақсатында  өтті.