1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Бақытты балалық шақ» атты іс- шаралар туралы А Қ П А Р А Т

 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Бақытты балалық шақ» атты  іс- шаралар туралы  А Қ П А Р А Т

Мақсаты: балаларды жан- жақты қорғау және кіші тұлға әлеуметтендіру, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

        «Бала біздің болашағымыз, ертеңіміз» деп халқымыз тегін айтпаған. Ертеңгі ел тізгінін ұстайтын, жас ұрпағымызды белі бесіктен шықпастан бастап жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу, бүгінгі біздің ұстаздардың, ата- аналардың міндеті. 01.06.2016ж. күні мектеп- лицейімізде  қуанышты сәті- 1 маусым халықаралық  балаларды қорғау күні мен «Жаз-2016» «Балдаурен» жазғы  сауықтыру орталығының  ашылу салтанатының тұспа-тұс келді.Мектеп – лицейдің  алдыңғы ауласында ұйымдыстырылған «Бақытты балалық шақ» салтанатты жиыны болып өтті. Жиынға «Балдаурен» сауықтыру орталығының І кезеңіне қатысатын оқушылар, мектепалды даярлық топтары мен «Таңшуақ» шағын орталығының тәрбиеленушілері, ата- аналар  қатысты.  

«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының ашу рәсімі мен құттықтау сөз  мектеп- лицей директоры Қ.Ш. Дүбірбековаға берілді. Құттықтау сөз соңында мектеп – лицей директоры биылғы жылғы «Балдәурен»  сауықтыру орталығының ерекшелігі «Балдәурен серіктестері» еріктілер ұйымы құрылғандығы жайлы және оның құрамындағы оқушылармен таныстырды.Еріктілер ұйымының мүшелері:Мұхамеджанова Г 7 Ә сыныбы –ұйым төрайымы

Залеш Камила – төрайым орынбасары 6 Б сыныбы

Абласанова Ақнұр – 8 В сыныбы мәдениет жөніндегі орынбасары

Қалқаман Аружан – 7 Б сыныбы өнер жөніндегі орынбасары

Күміспекова Аделя – 5Ә сыныбы –тілші

Разакова Аружан – 5 Б сыныбы – тілші

Дүзенова Жанерке 6Г сыныбы – фототілші

Ағыбаев Әмір –  6 В сыныбы шахмат жаттықтырушысы

Оспанов Тамерлан  -6 Ә сыныбы – спорт шараларын ұйымдастырушысы

Көкенай Даулет – 6Ә сыныбы – спорт шараларын ұйымдастырушысы

 

Мырзабекова Сабина – 5 Б сыныбы - медбике