КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. 
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі – өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушыларымен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен біріккен конференциялар, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
«Балқаш қаласының №15 мектеп – лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 18 мамыр мен 21 мамыр аралығында ерте шақтан кәсіпке баулу мақсатында «Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасы» Балқаш қаласы филиалымен бірге мектеп –лицейдің 7-8 сынып оқушыларының арасында кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастырды." Балқаш НаН" нан комбинаты, ЖШС "Недра Балхаш", ЖШС "Бас -Балқаш 2004", "Арғымақ" көлік жөндеу орталығы, "ИП Морозов" жиһаз жасау цехі, ЖК Нариман Сарсенбаевтың жылыжайына экскурсия жасады. Қаламыздың кәсірорындарына экскурсия жасау оқушыға практикалық жұмысқа жақсы әзірленуге өзі қалаған болашақ кәсібімен жақынырақ танысуға, кәсіби ықыласын нығайтуға немесе өзінің ой-ниетін қайта қарауға мүмкіндік береді.
Өндіріс орындарына жасалған экскурсия барысында оқушылар мекеменің жұмысының ерекшеліктерімен, бұл саладағы сұранысқа ие мамандықтар және сол мамандарды дайындайтын оқу орындары жөнінде құнды ақпараттар ала алды. Нысандардың әрқайсысында оқушылар кәсіпорындар тарихымен, еңбек жағдайларымен және алдағы уақытта жұмысқа орналасқан жағдайда берілетін жалақы мөлшерімен танысты. Мектеп –лицейдегі «Шаңырақ» оқушылардың қауымдастығындағы тәрбие бағытында ата –аналарының кәсіпорындарына экскурсия жасап, жобалар дайындайды. Оқушылардың қызығушылығын тудыратын осындай іс –шаралар жобаларды дайындауда үлкен іс –шара болып табылады. Мұндай шаралардың мектеп- лицейдің оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт таңдауына тигізер әсері зор.