Ұлы жеңіске тағзым!

Ұлы жеңіске тағзым!

04.05.2016 күні  ІІІ қабатта орналасқан Ерлік залында кітапхана меңгерушісі Башарова Г.Т жетекшілігімен  «Жарқын күнге жеткізген Ұлы Жеңіс!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге 1-4 сынып оқушылары қатысты.

05.05.2016 күні  оқушылардың патриоттық рухын оятып, мектеп кезінен әскери тәртіп пен жоғары жауапкершілікке бейімдеу мақсатында Ұлы Отан соғысы жеңісінің 71 жылдығына арналған ҮІІ дәстүрлі «Жас Ұландар» шеруі байқауының екінші кезеңі  болды. «Сапта жүріп, ән айту» ұландар шеруінде құттықтау сөз мектеп- лицей директоры Қ.Ш Дүбірбековаға  берілді. Байқау қорытындысы бойынша: І орын 7"А" сыныбы, ІІ орын 6"Г" сыныбы, ІІІ орын 6"В" сыныбы  иеленді.      

05.05.2016 күні оқушылардың патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру; балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту; үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында 7А және 7Ә сынып ұжымы бірігіп Ерлік залында «Ер есімі- ел есінде» атты ерлік сабағы өтті.  1-11 сынып аралығында «Сен де ардақта, бұл мейрамды жас ұрпақ!» атты сынып сағаттары өтті.

04.05.-08.05.2016  күндері аралығында Кеңес Одағының батыры, ҚР қорғаушы  күштерінің І-ші қолбасшысы,   Нұрмағанбетов Сағадат Қожахметұлы атына құрылған «Ерлік залында» «Ұлы Жеңіс батырлары» атты бейнероликтер қойылды.

06.05.2016  күні Ұлы жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылған Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржанов атындағы «Отан үшін жан қиған ер» атты көркемсөз оқу шеберіне жетекшілігімен 7"Б"  сынып оқушысы Отарбаев Қуат қатысып алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Г.Т.Башарова.

07.05.2016  күні  өткен дәстүрлі 59-ші қалалық «Алғыс эстафетасы» қол жалғауға мектеп- лицейдің ұлдар, қыздар командасы қатысып, ұлдар командасы ІІ орынға ие болды.

9.05.2016 күні  мектеп- лицей әкімшілігі мен мұғалімдері 11"А"  сынып ұжымы митингке шықты.  «Мәңгілік алауға» барып гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті.

8"А",7"Ә" және 5"Б"  сынып ұжымдарынан жас көшбасшылар аға тәлімгер Г.Д. Садыкова бірге, Ұлы Отан соғысына  қатысқан өз аталарының  портреттерін алып  «Мәңгілік, өлмес  полк» акциясына қатысып қайтты. Жалпы 18 оқушы қатысты.

Желтоқсан көшесінде болған концертке 7"Б"  сынып оқушысы Калкаманова Аружан мен «Бәйтерек» квартеті өз өнерлерін көрсетті.