2016 жылы 24-30 сәуір аралығында өткізілген имундау апталығы айлығы бойынша ақпарат
24-30 сәуір аралығында 12 сәуірдегі №6-5/1575 хаты негізінде мектеп- лицейде арнайы жоспарға сәйкес іс- шаралар өткізілді. Мектеп- лицей оқушылары жылдың басында бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес вакцина профилактикасы жүргізіледі. Иммундаудың қауіпсіздігін сақтау үшін әрбір ата- аналармен алдын ала ағарту жұмыстары жүргізіліп,егу шараларын жүргізу үшін келісім алынады.
Оқушылар арасында иммундаудың қауіпсіздігі туралы толығымен ақпараттар беріліп, диктант, кездесулер, аурулардың алдын- алу, денсаулықты нығайтуға қажетті шараларды жүзеге асыру мақсатында ата-аналар жиналысында да ақпараттар берілді.
Сынып ұжымындағы тазалық жетекшілері мектеп- лицей медбикесімен бірге тақырыптық буклеттер таратты.
Арнайы бұрыш ұйымдастырылып, радиоторабтан да маңызды тақырыптық ақпараттар айтылды.