«Әрдайым мұқият бол!» айлығы

  «Әрдайым мұқият бол!» айлығы

Мақсаты:оқушылар арасындағы әр түрлі жағдайлардан туындайтын жарақаттанудың алдын алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

01.04.2016 күні  «Әрдайым мұқият бол!» айлығының жоспары құрылып, бекітіліп, саптық жиында мектеп- лицей оқушыларына таныстырылды.

   2-26.04.2016күндеріаралығында І қабатта орналасқан теледидардан «Құтқарушы Жолдас» атты бейнефильм көрсетілді.

   03.04.2016 күні оқушыларға ақпарат көзі ретінде  І қабатта арнайы бұрыш ұйымдастырылды.

04-10.04.2016 күндері  аралығында 7-8 сынып оқушылары мектеп ауласында  «Жас жол инспекторлар» байқауына дайындық жүргізді.

05.04.2016  күні 6-7 сынып оқушылары жолда жүру ережелері туралы шығармалар жазып,  нәтижесінде кітапша құрастырылды.

Жетекшілері: Тулкина Д.М

06-09.04.2016 күндері  аралығында мектеп- лицей тәлімгері Абдрахман Т.Е оқушыларға «Есіңде болсын, жас дос!» үнқағаздарын таратып, жолда жүру ережесі және тұрмыстық жарақат туралы ақпарат берді.

07.04.2016 күні№2 емхана СӨС дәрігері В.А.Омаров «Артық салмақтың адам денсаулығына әсері және салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында терең, мағыналы дәріс оқыды. Оқушылар белсенділік танытып,өз ойларында жүрген  сұрақтарын қойып, кері байланыс алды.

  8-9.04.2016 күндері аралығында мектеп- лицей медбикесі Аткельтирова М.С медициналық бөлмеде  5-6 сынып оқушыларына «Жарақаттанған сәтте алғаш көмек көрсету» ережелерімен танысытырып, тәжірибе алмасты.

11-14.04.2016 күндері  аралығында  кітапхана меңгерушісі Башарова Г.Т. оқушылар назарына «Жол көлік апаты- және тұрмыстық жарақат» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

14-21.04.2016 күндері  аралығында Әбеу А. ұйымдастыруымен мектептің І қабатында 1-6 сынып оқушыларына «Жол ережесін білу- бәріне міндет» атты сурет көрмесі үйлестірілген  стенд жасалды, нәтижесінде мануал жасалды.

11.04.2016 күні  3 сыныптар арасында«Жол тәртібін білеміз, аман-есен жүреміз» атты сынып сағаттары өткізілді.

12-15.04.2016 күндеріаралығында 4 сынып оқушылары І қабатта «Жол белгілері бойынша сауаттылық» тақырыбында  фотосуреттерден стенд ұйымдастырылды.

14.04.2016 күні мектеп-лицейімізде 5 «Б» сыныбымен бірге «Жолда жүру ережесін сақтаймыз» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру . Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің  белгілерімен таныстыру. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.  Оқушылар шараға белсене қатысып,ойларын ашық айтты. Сабақ соңында іс-шараның өздеріне ұнағанын, білмей жүрген белгішелердің қандай қызмет атқаратынын білгендерін айтып кері байланыс жасады.

14.04.2016 күні «Жол тәртібін білеміз, аман- есен жүреміз»  тақырыбындағы тәрбие сағаттары 1-4 сынып оқушылары үшін сынып бөлмелерінде жалғасын тапты.

16.04.2016 күні  мектептің Мәжіліс залында «Жас ұлан» ұйымының оқушылары «Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!» атты үгіт- наихат жүргізді.

18.04.2016 күні«Жас өркен» орталығы мектептің радиоторабынан «Абайла, балақай» тақырыбында жолда жүру ережелері туралы ақпарат берді.

19.04.2016 күні Бекешева Л. 8-10 сынып оқушыларымен мектептің әрбір қабатында орналасқан теледидардан «Жол көлік апаты және тұрмыстық ақпарат» туралы арнайы бейнефильм көрсетті.

 21.04.2015 күні ЖЖИ тобы 3-4 сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесі» залында кездесу өткізіп,  жолда жүру ережесін, тәртібін, жол белгілері туралы ақпараттарымен бөлісті.

  22.04.2016 күні «Әрдайым мұқият бол!» айлығы аясында мектебіміздің «Жас патруль» жас жол қозғалысының инспекторлары жол полициясының аға инспекторы Кишкентаев Т. бірге  рейдке шықты. Рейд барысында  әліде болса жүргізушілеріміздің арнайы ремень тақпайтындығы және үлкен кісілердің бағдаршамға қарамай жүргіншілер жолынан дұрыс өтпейтіндігі анықталды. Балалардың қауіпсіздігі үшін оларды арнайы орындыққа отырғызу заң жүзінде талап етілетіндігі, елімізде жол-көлік оқиғалары жиі балаларға арналған арнайы автокресло болса жол-көлік оқиғасы орын алған кезде балаларды қауіпсіз жағдайда ұстап туратыны туралы айтылып, жүргізушілерге таратпа материалдар таратылды.          

  23.04.2016 күні спорт алаңында дене шынықтыру пәні мұғалімі Тасимбеков Н.., әскери жетекші Сауғанбаев Қ. 7 сыныптар арасында  спорттық сайыстар, эстафеталар өткізді.

26.04.2016 күні «Әрдайым мұқият бол» айлығы бойынша 1-2 сыныптар арасында, Жолда жүру ережесі залында «Көше кездейсоқтыққа толы» атты іс-шара өтті. Іс- шарада оқушылар бағдаршам туралы, көше белгілері жөнінде өлеңдер оқып, өзара пікір алмасты.

    27-28.04.2016 күні ЖЖИ тобы 3-6 сынып оқушыларымен бірге «жолда жүру ережесі» залында  жол әліппесі, жүргіншіге қабылдау туралы ақпараттар берілді.