«Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанаты

«Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанаты

2016 жылдың 25 cәуірінде мектебімізде Республикалық «Жас Қыран» бірыңғай балалар  мен жасөспірімдер ұйымының қатарына үздік және озат оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.     

Жыл сайын еліміздің «1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы» күні қарсаңында мектеп оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімін өткізу дәстүрге айналған. 7-8 сынып оқушылары ант қабылдап, мектеп әкімшілігі мен жас түлектер Жасқырандықтарға туымыз  түстес көк галстуктарымен төсбелгілерін тағып, ұйымның әнұранын айтты.

 Жас Қырандықтарды мектеп- лицей директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы құттықтап, үгіт насихат тобы «Жас Ұлан» жайлы мәліметтер айтылды.