VIII «Гүлзар» фестивалі

VIII «Гүлзар» фестивалі

23.04.2016ж. мектеп-лицейімізде дәстүрлі VIII «Гүлзар» фестивалі өтті.
Мақсаты: оқушыларға этикалық, эстетикалық тәрбие беру, функционалдық сауаттылықтарын арттыру.
Ата-аналармен бірге өткізілген іс-шараға 1Ә сыныбы оқушыларынан құралған үгіт-насихат тобы гүлдерді баптап өсіруге, табиғатты сүюге, әдемілікке деген құштарлықты оятуға, елімізді жасыл-желекке айналдырып, гүлденуіне үлес қосатын азаматтарды тәрбиелеуге шақырды.
1В сыныбының оқушылары гүл туралы аңыз-қойылымын көрсетіп, өз өнерлерімен ата-аналарды тәнті қылдырды. 1 сыныптардан құралған бишілер тобы «Гүлзар» биін билеп, ата-аналардың көмегімен жасалған киім үлгілері дефилесін көрсетті. Фестиваль соңында 1 сынып оқушыларынан құралған хор орындалып, мектеп-лицей директоры К.Ш.Дубирбекова оқушыларды құттықтады.