Мектеп күні -2016

Мектеп күні -2016

19.04.2016 күні 2015-2016 оқу жылы аясында мектеп-лицейдің оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңартудағы нәтижелерін сараптау, озық   іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында мектеп күні жоғары дәрежеде өтті.

Күтілетін нәтиже:

1.      Мектеп-лицейдің кешенді даму бағдарламасының іске асыру.

2.      Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалы ДББҰ тәжірибесін мектеп-лицейдің оқу-тәрбие үрдісіне трансляциялау қадамдары. 

Сағат 12.30-13.00 мектеп- лицейіміздің І қабатында Білім бөлімінің басшысы, әдістемелік кабинет меңгерушісі және бас мамандар, әдіскерлер, білім беру мекемелерінің директорлары «Туған жерге тағзым»  жобасы аясында «Туған өлкем – неткен көркем» залында келген қонақтарды қарсы алды.

100 нақты қадам ұлт жоспарының /76,79 қадамдарды іске асыру/ мақсатында  Ерменбетова Г.О. – ДҒӘІЖО, ұйымдастыруымен мектеп-лицейдің кіші спорт залда шығармашылық  және зерттеушілік қызметті дамыту бойынша сабақтан тыс курстар және бейіндік пәндердің   дәстүрлі « Ақпарат. Білім беру. Шабыт.»  VII  көрмесі ұйымдастырылды.

І блокта  мектеп- лицей директоры Қ.Ш.Дүбірбекова  2016-2019 жылдарға арналған мектеп-лицейдің жаңартылған даму жоспарын,ДТІЖО  И.Ж.Жуматова , «Әкелер мектебі» бағдарламасының   1-ші кезең қорытындылары, К.А Бейсекина «Аналар мектебі» «Қазақ аруы» бағдарламасының тұсаукесерін көрсетіп, қорғап шықты.

ІІ блокта«100 нақты қадам 5 президенттік реформаларды жүзеге асыру»  Білім беру мазмұнын жаңарту. /76,79 қадамдарды іске асыру/ мақсатында вариативтік компоненттерден Мектепе дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша «Шығармашылық» саласы, 3- сыныптардан  кіріктірілген қазақ тілі, ағылшын пәндері «Қызықты грамматика», 4Б сыныбында   кіріктірілген математика, ағылшын пәндерінен «Бастау», 5 – сыныптарда  кіріктірілген информатика, ағылшын пәндерінен «Компьютерлік модельдеу », «.  8- сыныпта  кіріктірілген химия, ағылшын пәндері « Виртуальды биология және химия» және 8В сыныбында  үштілділіктің элементтерін енгізумақсатында «физика» таңдау курсы жүргізілді. 

ІІІ блокта  мектеп- лицейдің мәжіліс залында ұлт жоспарының 89 қадамын іске асыру мақсатында  «Бірлік пен біртұтастық » тақырыбында Ш.Уәлихановтың 181 жылдығына арналған «Ұлы дала перзенті» атты   әдеби, тарихи-деректік  қойылым ұсынылды. Сатенова Ш.Ш. –  координатор, Силуянова Н.Н. – кеңесші, қойылым жетекшісі, Жунус Н.Г. – француз тілі мұғалімі, модератор. Сонымен қатар үлкен спорт залда мәңгілік елдің құндылықтарын насихаттау мақсатында «Тәрбиелі ұрпақ тамырлы болашақ» атты қонцерттік бағдарламада өтті.  «Ұлы дала» - хореографиялық композициясы, «Ұландар» хоры «Қазақстан - Республикам  менің!»  әні  орындап,   ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттады.