Размер шрифта:

16.04.2016 күні өткен облыстық сенбілік туралы ақпарат

16.04.2016 күні өткен облыстық сенбілік туралы  ақпарат

Сенбіліктің мақсаты:оқушылар қалалық деңгейде өтіп жатқан сенбілікке белсене қатысуға шықырып, мектеп ауласы мен бекітілген көшелерін тазалау жұмыстарын жүргізу.

Қатысушылар: педагогикалық ұжымнан - 50, кіші шаруашылық қызметкерлерінен 17, мектептің ішкі, сыртқы ауласында 5А, 5Ә, 5Б, 5В, 6А, 6Ә, 6Б, 6В, 7Б, 7В сынып оқушыларынан жалпы 598 оқушы қатысты.

Мектеп- лицей территориясына бекітілген орындарда  «Мұрагер» ұйымының балалары яғни Шашубай 6 үйдің қасында,   8А сынып ұжымы, «Технодом» сауда үйінің оң жағында 8Ә, сауда үйінің маңайында  9А, 9Ә,музейдің оң жақ жанында 9В сынып ұжымы жұмыс жасады.  

Музейдің артындағы ұзын жолда 8В сыныбы жұмыс жасады.

Сағат 09.00- да сенбілік жұмыстары  басталды. Оқушыларға облыстық сенбіліктің мақсатын айтып, берілген территорияларға бөліп,жұмыстарына сәттілік тіледі.

Арнайы мектепішілік жоспар бойынша бөлінген мектеп-лицей маңындағы аудандарды кіші шаруашылық қызметкерлері, мектеп-лицей маңыдағы бордюрлерді әктеп, ағаштардың артық сабақтарын қиды. Сонымен қатар мектеп-лицей маңындағы қоқыс тастайтын бактарды сырлады.

Мектептің алдыңғы ауласын 6Г, 9Б сынып ұжымы жасады.

 Мектептің ішкі ауласын 8Б сынып, Мектептің оң жақ қанатын 6а,6Ә сынып, сол жақ қанатын 6Б,6В сынып ұжымы тазалады.

Кордтың сыртында маңайында 7А,Ә  сынып ұжымдары тазалық жұмыстарын жүргізді. Кордтың ішінде 7Б,7В сынып ұжымы жасады.

«Таңшуақ» шағын орталығының территориясында 5А,Б сынып оқушылары жұмыс жасады.

Мектеп ауласының тазалық жұмыстарын бақылауға Молдабеков С.Б  келді.