2015-2016оқу жылы 1 сәуір-10 сәуір аралығында «Дұрыс тамақтану – болашақ ұлтымыздың кепілі!» он күндігі бойынша өткізілген іс- шаралар туралы ақпарат

2015-2016оқу жылы 1 сәуір-10 сәуір аралығында  «Дұрыс тамақтану – болашақ ұлтымыздың кепілі!»  он күндігі бойынша өткізілген іс- шаралар туралы  ақпарат

01-10.04.2016 жылы«Балқаш қаласының №15 мектеп – лицейі» КММ-де  «Дұрыс тамақтану – болашақ ұлтымыздың кепілі!» он күндігі ұйымдастырылды.

Негізгі мақсаты– оқушылар арасындағы дұрыс тамақтану қағидаларын қалыптастырып, белсенді өмір позицияларға тәрбиелеу. Жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, денсаулыққа зиян тағамдар және арттық салмақтың зияндылығы  туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Дұрыс тамақтануға және денсаулығын сақтай  білуге  тәрбиелеу.

01.04.2016 күні «Дұрыс тамақтану – болашақ ұлтымыздың кепілі!» онкүндіктің іс-шаралар жоспары бекітілді.

02.04.2016күні  «Дұрыс тамақтану – болашақ ұлтымыздың кепілі!» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды.

04.04.2016 күні  оқушылардың  тамақтануының дұрыс ұйымдастырылғанын бақылау мақсатында әлеуметтік педагог Ж. Балқыбекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Ж. Жуматова, мектеп медбибісі М.С.Аткельтирова және 10А сынып оқушысы Н.Сейткамал  рейд жүргізді. Жоспар бойынша 16-17 қазан күні мектеп медбибісі М.С.Аткельтированың 6-7 сыныптарға арналғын «Дұрыс тамақтану қағидалары» атты мәлімет, түсіндірме ақпарат бері  жұмыстары жүргізілді.  

 04-05.04.2016 күні аралығында 1-4 сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында мектеп мебдикесі М.С.Аткельтирова дәріс оқыды.

04-07.04.2016 күні  аралығында көшбасшылар мектебі мен аға тәлімгер Т.Абдрахман «Артық салмақтың зияны» тақырыбында мектеп радиоторабынан ақпарат берілді.

05.04.2016 күні  5-6 сынып оқушыларынының арасында «Дұрыс тамақтану пирамидасы» тақырыбында диктант алынды. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ең негізгі қағидаларды жаза білді.

06.04.2016 күні мектеп психологы А.Тлеуберлина, Г.Карина «Тиімді тамақтана білесің бе?» тақырыбында сынып бөлмелерінде сауалнама алынып, мониторинг жүргізілді.

06.04.2016 күні  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Жасымханның ұйымдастырумен 6 сынып оқушыларының арасында «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын» атты спорттық сайыс өтті.

07.04.2016 күні5 «А» сыныбында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты:

- Оқушылардың  өз пікірлерін тыңдай отырып,  қосымша  мәліметтер бере отырып  денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану  туралы  түсініктерін кеңейту;

- Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.  

  Сабақтың басын оқушылардан жалпы «тамақтану» сөзінің мағынасын сұралды.   Сыныптағы оқушылар  «тамақтану» сөзін аспен қоректену, ауқаттану, ас қабылдау деген синоним сөздермен мағынасын аша білді. Айтимбетова Дильназ «дұрыс тамақтану» сөз тіркесін қолдана білді . Кадырбек Мухаммадали «тек дұрыс тамақтану, тағамды таңдай білу, күтіну ғана адамды барлық ауру-сырқаудан құтқара алады» деп ой түйді. Кейін «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты тақырыпта оқушыларға Microsoft Power Point форматында презентация көрсетілді. Бұл презентация оқушыларға:

-         Оқушылардың дұрыс тамақтану принциптерін;

-                     Ақуыздар, көмірсулар, майлар жайлы;

-                     ДӘРУМЕНДЕР МЕН МИНЕРАЛДАР жайлы;

-                     Тамақтанудың  негізгі  ережелерін;

-                     ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАР жайлы ;

-                     Оқушылардың тамақтану тәртібін толық түсіндірді.

Сабақ соңында оқушыларларға «Сіз күнделікті жейтін асыңыз туралы ойландыңыз ба?» деген сұрақ қойылды. Әр оқушы өз ойын ашық айта білді. Күнделікті тамақ режиміне бүгінгі айтылған дәрумендерді қосу туралы ойланды. Сабаққа белсене Айтимбетова Дильназ, Кенжеғалым Бақытжан белсене қатысып отырды. Сынып оқушылары  «денсаулығына тікелей әсер ететін жәй – дұрыс тамақтануы, жеміс-жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, яғни, витаминдерге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі керек» деп өз ойын ашық білдірді.

  07.04.2016 күні  №2 емхана СӨС дәрігері В.А.Омаров «Артық салмақтың адам денсаулығына әсері және салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында терең, мағыналы дәріс оқыды. Оқушылар белсенділік танытып,өз ойларында жүрген  сұрақтарын қойып, кері байланыс алды.

  04-07.04.2016 күні аға тәлімгер Т.Абдрахман және мектеп медбикесі М.С.Аткельтирова сынып бөлмелерінде оқушыларға денсаулыққа зиян тигізетін тағамдар туралы буклеттер таратылып, ақпараттар берілді.

08-09.04.2016 күні жолда жүру ережесі залында бастауыш сынып мұғалімі Г.М.Жуманованың ұйымдастырумен 2 сыныптар арасында «Дәрумендер және денсаулық» тақырыбында сурет байқауы өтті.