Сапта жүріп ән айту байқауының І кезеңі

Сапта жүріп ән айту байқауының І кезеңі

08.04.2016 күні   Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай  оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу, дене қабілеттерін одан әрі дамыту мақсатында мектеп- лицейімізде «Сапта жүріп ән айту» байқауының І кезеңі  өтті. Команда құрамында 11 оқушыдан тұратын 5-8 сынып ұл- қыздары қатысты. Байқауға жалпы  14 сынып қатысты. Байқау сапқа тұру, бөлім командирлерінің әскери қолбасшыға мәлімдеме беруі, бірқатарлы сапқа тұру, бірқатарлы саптан екі, үш қатарлы сапқа тұру, саптық адыммен адымдау, т.б критерийлермен бағаланды.  Байқау соңында ІІ кезеңге  7А, 6А, 6Ә, 6В, 6Г, 5Ә сынып ұжымдары жолдама алды. Ұйымдастырған АӘД пәнінің мұғалімі Сауғанбаев Е.Қ.