20.03.2016-02.04.2016 жыл аралығындағы көктемгі демалыс кезіндегі іс- шаралар өткендігі туралы АҚПАРАТ
24.03.2016 күні бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Г.Х, Кушелекова М. Е. ұйымдастыруымен арасында оқушылар сарайында өткен «Көңілді көктем» аппликация жапсыру сайсында 4 сынып оқушылары белсенділік танытты. Нәтижесінде ІІІ орынға ие болды.
24-26.03.2016 күніоқушылар сарайында шахмат ойынынан турнир өтті. 6 сынып оқушылары белсене қатысып арнайы мадақтамалармен марапатталды.
Жауапты шахмат үйірмесінің жетекшісі Нурмағанбетов А.
25.03.2016 күні 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық- этетикалыө ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр, талантын, дарындылығын ашу мақсатында ұйымдастырылған «Ақберен» республикалық оқушылардың байқауның іріктеу кезеңінде 7В сынып оқушысы Мұқатай А. ІІІ орын, ақындар мүшайрасында 9Ә сынып оқушысы Мырзахан А. мадақтау қағазымен мрапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серикова Г.А.
26.03.2016 күні оқушыларды салауатты өмір салтына үйрету, ұлт болшағының кепілді ұрпағы болып өсу мақсатында мектеп-лицейдің кіші спорт залында 4 сыныптар арасында «Салауатты өмір салты –біздің қалауымыз» атты спорттық сайысы өте тартымды өтті. Сыныптағы қалған оқушылар жанкүйер болды. Нәтижесінде І орынды 4 А сыныбы , ІІ орынды 4 «Г» сыныбы , ІІІ орынды 4 «В» сыныбы иеленді , ал 4 «Б» және 4 «Ә» сыныптары белсене қатысқаны үшін мараппаталды . Ұйымдастырған: Н.М.Жасымхан,С.А.Алимбетова.
26.03.2016 күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейіні» КММ-де «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық жарналы дебат турнирі өткізілді. Турнир оқушылар лигасы және ұстаздар лигасы деп екіге бөлінді. Оқушылар лигасында қала мектептерінен «Абай атындағы №2 лицей», №16 мектеп, №15 мектеп-лицей, №9 мектеп, «Сәкен Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» және «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 мектептер» қатысты. Ал орыс лигасы бойынша №1 мектеп және №10 мектеп командалары ат салысты. Ұстаздар лигасында жасы 29-ға дейінгі пікірсайыстың майталмандары, қаламыздың ұстаздары ат салысты. Жалпы мектеп лигасы бойынша 9 қазақ лигасы, 3 орыс лига командалары қатысып, өздерінің ұтқыр ойларын көрсете білді. Ал, аға буын ойындарынды 9 ұстаз қатысты. Тақырыптар аясы «Қазақстанның қайырымдылық қорларға оң баға беруі ақталады». Қорытындылай келе, мектеп лигасы бойынша қазақ пікірталаста 1 орын «Абай атындағы №2 лицей» «Сана» командасы, 2 орын «№15 мектеп-лицейі» «Жас қыран» командасы, 3 орын «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 мектеп» «Болашақ» командасы жеңіп алса, «Үздік спикер» атағын «№15 мектеп-лицейі» «Жас қыран» командасының мүшесі Амантаев Азиз марапатталды. Орыс лигасы бойынша 1 орын №10 мектеп «Эрон» командасы, 2 орын №1 мектеп «Товарищь» командасы, 3 орын 10 мектеп «Эрон блейк» командалары жеңіп алса, «Үздік спикер» атағн №10 мектеп оқушысы Мукашев Амир марапатталды. Ұстаздар лигасы бойынша «Финалист» атағын №10 мектептің ұстазы Қалымбек Серікбол марапатталса, «Чемпион» атағына «Қазақмыс» корпорациясының ұстазы Аринов Ернат ие болды.
29.03.2016 күні қалалық деңгейде «Кішкентай ханшайым мен ханзада-2016» байқауына 3 сынып оқушылары Алтынбекова Айнур, Толеуғалы Әлішер қатысты. Кішкентай ханшайым өз өнерін көрсету деген бөлімінде «Томиристің» рөлін сомдап, өз өнерімен халықты жаурап алып, І орынға ие болды. Сынып жетекшісі: Толеуова М.М. Ал, кішкентай ханзада өзін таныстыратын сәтінде аталар кеңесінің мүшесі, өз атасы Т.Т. Малдыбаев арасында қазақтың бір кең даласында киіз үйдің қасында тұрып «Ата мен немересінің» рөлін сомдады. Нәтижесінде «Көрермендер көзайымы» номинациясының иегері атанды.
29.03.2016 күні«Балқаш қаласының №15 мектеп – лицейі» КММ –да 6 сынып оқушыларының арасында «Бір шаңырақ арасында» атты фестиваль өтті.
Іс – шара мақсаты:Көп ұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Фестиваль аясында оқушылар әр ұлттың әдет – ғұрыптарымен, мәдениетімен танысып, өз өнерлерін көпшілік алдына ұсынды. Іс – шараға қатысқан оқушылар қазақ, өзбек, ұйғыр, шешен, орыс, украин, корей, беларус халықтарының өмірлерінен көрініс көрсетті. Фестиваль өз мәнінде өтті. Оқушылар өз ойын еркін жеткізіп, пікірлерімен бөлісті.
29.03.2016 күні«Дау-жанжалды жеңіп шық» атты тренинг өтті. Тренинг-сабаққа 6 «В» сынып оқушылары қатысты. Дау-жанжалдан шығу жолдарын көрсететін бейне-баян көрсетіліп сұрақтар арқылы талқыланды. Мейірімділік сөзіне жақын мәндес сөздерді ажыратып, «ұйқасын тауып құрастыр» тапсырмасын орындады, сергіту сәті ретінде «бір – біріне» жаттығуы жасалды. Шығармашылық жұмыс ретінде эссе жазып, ертегі құрастырып, сурет салды. Дау-жанжалға байланысты жағдаяттар талқыланды. «Орамал» ойыны арқылы балалар бір – біріне тілек, жылы, лебіздерін білдірді. Соңында жадынама таратылды.
29.03.2016 күні 5-6 сыныптар арасында «Біз күштіміз ,мықтымыз» атты кіші волейболдан жарыс өтті. Ойын соңында 5 сыныптардан І орынды 5 «Ә» сыныбы, ІІ орынды 5 «Г» сыныбы, ІІІ орынды 5«А» сыныбы алды, ал 6 сыныптар арасында І орынды 6 «Б» сыныбы, ІІ орынды 6 «Ә» сыныбы, ІІІ орынды 6 «А» сыныбы алды. Жауапты: Жасымхан Н.М,Алимбетова С.А.
25-28.03.2016 күндері аралығында 5-6 сынып оқушыларының арасында технология пәнінің мұғалімі Әбеу А. Оқушылардың шығармашылық қабылеттерін дамыту, дизайнерлік қабілеттерін ұштау мақсатында «Жаз бен көктемнің көп түстілігі» атты сурет байқауын ұйымдастырды. Белсене қатысқан оқушылар арнайы марапаттауларға ие болды.
25-30.03.2016 күндері аралығында аға тәлімгер Абдрахман Т. жетекшілігімен «Жол ережелері белгілерінің білгірлері» атты ЖЖИ тобымен бірге дайындық жұмыстарын жүргізіп отырды.
30.03.2016 күні «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы » атты 8 сыныптар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде І орын 8А сыныбы, ІІ орын 8Ә сыныбы, ІІІ орын 8Б сынбы, ІV орын 8 В сыныбы иеленді. Ұйымдастырған: Аскаров М.Ч.,Сауганбаев Қ.Е
«Спорт - саулық кепілі» атты 9 сыныптар арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде І орын 9А сыныбы, ІІ орын 9Ә сыныбы, ІІІ орын 9Б сыныбы, ІV орын 9 В сыныбы иеленді. Ұйымдастырған: Тасимбеков Н.У, Бейсембаев А.Н
31.03.2016 күні 5 сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіігінің 25 жылдығына арналған мектеп- лицейішілік «Қазақстан бірлігі мызғымас –ел!» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті.
Мақсаты:көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Интелектуалды ойын барысында оқушыларды тақырыпқа сәйкес төрт топқа бөлінді:қазақ,орыс,өзбек,түрік.
24-31.03.2016 күндері аралығында 9,10,11 сынып оқушылары ҰБТ және білім сапасының халықаралық зерттеулеріне дайындалды. Жауапты: Тайжанова Т.Ж, Садвакасова А.Т.
Көктемгі демалыс кезінде «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-де аутодеструктивті жүріс-тұрысы анықталған оқушылардың үйіне барып, тұрмыстық зерттеу актісі жасалды. 1-4 сынып оқушыларының үйіне 25-26.03.2016 күндері, 5-8 сынып оқушыларына 26-28.03.2016 күндері, 9-11 сынып оқушыларына 28.03.2016 күндер аралығында сынып жетекші және әлеуметтік педагог Балқыбекова Ж. оқушылардың жағдайын зерттеді.
31.03.2016 күні«Шабыт» домбыра үйірмесінің есеп беру концерті өтті. 3,4,5,9 сынып оқушылары белсенді қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Жетекшісі: Қалиасқарова Б.Қ.
25-26.03.2016 күндері Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп- интернаттары арасында волейболдан облыстық жарыста І орын алды. Ұйымдастырушы Қарағанды облысының білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми практикалық орталығы.