Наурыз думан – 2017

Наурыз думан – 2017

Мектеп-лицей ұжымы «Ең көрікті киіз үй» атты киіз үйлер байқауына қатысты. Мақсаты: киіз үйдің рөлі мен құндылықтарын насихаттау, ұлттық мәдениетіміз бен салт дәстүрлерімізді дәріптеу. Киіз үйдің ішін таныстыруға қоғамдық – гуманитарлық кафедрасы жауапты болды. «Шабыт» домбыра үйірмесі қонақтарды Құрманғазының күйі «Адаймен» қарсы алса, ата-анамыз Тұрсынбекова Зағира шашу шашып, Азимбеков Ерболат «Наурызға тарту» әнін орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқушылары Мұратбек Олжас, Жаннұр «Асық ату» дәстүрлі ойынымызды ойнап көрсетті. Жүргізушілер 10А сынып оқушысы Жамел Ернұр, 8 "А" сынып оқушысы Сатыбалды Махаббат «Мәңгілік Ел – біздің ортақ тағдырымыз» идеясының төңірегінде халықты бірлікке, татулыққа баулып, ал 4Ә сынып оқушылары сынып жетекшісі Ж.Унербекованың жетекшілігімен Тәуелсіздіктің 25 жылдық жетістіктіктерін паш етті. Мектеп –лицей директоры Дубирбекова К.Ш, ата-ана комитеті  Ж. Башаров, қалалық кәріс этно-мәдени орталығының жетекшісі Цон Е.П., мектеп-лицейдің ардагер ұстаздары Силуянова Н.Н., Жүніс Н.Ғ., мектеп-лицейдің асханасының арендаторы Унанян Р.М., кітапхана меңгерушісі Башарова Г.Т., Тойшыбекова Б.Б., Икласбаева Д.Е., Имухаметова Т., Ермағанбетова А.А. және 2 "Б" сынып оқушысы Огай Руслан қонақтарды жылы лебізбен киіз үйге кіргізді. Киіз үйдің ішін эстетикалық және кәсіптік бағдар беру кафедрасы мерекелік жасау жиһаздармен, ұлттық тұрмыстық заттармен, аспап-құралдармен жабдықтады. Бастауыш сынып мұғалімдері Жакупбекова Ш.Т., Бегдербекова М. және 6 сынып оқушылары Мағаз Адай, Дузенова Жанерке, Кисебаева Назерке, Касенханов Махмұт ұлттық киімдермен қонақтарға жырдан шашу шашты. Мектеп-лицейдің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсекина К.А. мен 8 "Ә" сынып мұғалімі Кульбаева Б.Т. келген қонақтарға ұлттық сусынымыз - «Қымыз» ұсынды.

«Наурызға көрік берген сұлу сән» атты ұлттық киімдер байқауына мектеп-лицей жанындағы «Таңшуақ» орталығының тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімі К.А.Тергеубаева қатысты.

Қазақтың ұлттық киім үлгілерін жас ерекшеліктеріне сай толық коллекциясын көрсетті. «Шеше көрген тон пішер» әйелдердің  ұлттық киімдері шеруіне 10 киім түрі және «Қансонарда бүркітші шығады аңға» шеруіне 3 киім үлгісі көрсетілді. Жүргізушілері Тұтқыш А., Толеуханова Ж.Б. көрермендерге ұлттық киімдер жайлы деректерді және қасиеттерін ашатын мәліметтермен көрермендерді таңқалдырды. Нәтижесінде, ұлттық киімдердің шеберлігімен, мазмұнымен өрнектеп безендірілген тәсілімен ерекшеленіп бас жүлдені жеңіп алды. Байқаудың қатысуына үлес қосқандар: мектепке дейінгі тәрбие «Таңшуақ» шағын орталығының әдіскері Адамкулова А.А, Тұтқыш А.Ж., Толеуханова Ж.Б., Рахимберлина А.Н, Сейтбатталова А., Жумажанова М.М., Ракыжанова Ж.А., Бидайбекова А.Е., 10 сынып оқушылары Жамел Е., Мұрәлім А., 4 сынып оқушысы Омирбаев Я., 5 сынып оқушысы Ұзақбай Б.,мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Қанағат Т., Амантай А.

22.03.2016ж. қалалық көш керуенге мектеп-лицей әкімшілігі, ұстаздары және  «Достық» шаңырағын ұстап, әр ұлттың киімдерімен 8-10 сынып оқушылары белсенді қатысты.