XI «Зерде» республикалық конкурсы

XI «Зерде» республикалық конкурсы

1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының XI «Зерде» республикалық конкурсы Шучье қаласындағы «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында өтті. Конкурстың негізгі мақсаты – бастауыш және орта буынды оқушылардың  интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру. Бұл конкурсқа математика секциясы бойынша 6А сынып оқушылары Жолдасбай Жандар және Манатқали Мариям І дәрежелі дипломға ие болса, өлкетану секциясы бойынша 7Ә сынып оқушысы Сағым Баян және Берік Аңсар ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.