«Ер сұлтан мен ақ ару» байқауы

«Ер сұлтан мен ақ ару» байқауы

18.03.2016 күні сағ.15.00-де мектеп- лицейімізде жоғарғы сыныптар арасында дәстүрлі «Ер сұлтан мен ақ ару» байқауы болып өтті.  Байқаудың мақсаты:  оқушыларды  қазақ халқының өткендегі өмірі мен тарихынан хабардар ету, салт дәстүрі мен әдет- ғұрпымен таныстыру. Өмір танымын кеңейтіп, имандылық, ізгілік қасиетін дарыта отырып, оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын, шығармашылығын дамыту.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аясында өткізілген «Ер Сұлтан мен Ақ Ару» байқауы 9 сыныптар арасында өткізілді. Байқау нәтижесінде Бас жүлде 9 «Ә», І орын 9»А», ІІ орын 9 «Б», 9 «В» сыныптары иеленді.  Байқауда қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрікөрсетілді.