Ақпарат

Ақпарат

17.03.2016 жылы 5-6 сыныптар арасында «Айналдым, алтын жеңгемнен» атты жеңгелер сайысы өтті. Мақсаты: үлкенді сыйлау және жеңгені құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

-«Жанұя, оқушы, ұстаз» ұжымын ынтымақтастыру;

- Оқушыларды мейірімділікке, әдемілікке тәрбиелеу;

- Қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

Сайысқа 5-6 сынып оқушылары жеңгелерімен қатысты. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.

1.“Сәлем – сөздің анасы”  (Қатысушылардың өздерін таныстыруы). 3минут

2.“Қызға қырық үйден тыю” (Қазақы ұғымдарға байланысты шапшаң сұрақтар). 5 минут

3. “Жеңгесі бар қандай-ды” (салт-дәстүрге байланысты бір салт-дәстүр көрсету). 5 минут

4.“Ана көрген тон пішер” (Қолөнер сайысы, яғни үй тапсырмасы) 3 минут

Бірінші сайыс бойынша әр қатысушы өзін және жеңгесін таныстыру керек. Екінші сайыс бойынша жеңгелер қазақы ұғымдарға байланысты әр жеңгеге 5 сұрақтан қойылды. Әр дұрыс сұрақ 5 ұпайдан есептелінді. Үшінші сайыс бойынша әр жеңге қазақы салт-дәстүрді көрсетіп, сол салт-дәстүрді қорғау керек. Төртінші сайыс бойынша жеңгелер өз өнерлерін көрсетіп, қорғау керек. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Сайыстың арасында 5-6 сынып оқушыларына қазақы ұғымдарға байланысты, сал-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды. Оқушылар белсене қатысты.  Сайыстың қорытындылай келе бірінші орынды 6 А сынып оқушысы Садырбаева Дильназ жеңгесі Айсұлу Оразханқызы алды. Екінші орынды 6 Г сыныбы Абдуманап Камила жеңгесі Қаламқас Жолдасбайқызы иемденді. Үшінші орынды 5 А сынып оқушысы Асанова Инабат жеңгесі Мереке Төлеуғазықызы иемденді.