«Яссауитану» байқауы

«Яссауитану» байқауы

2016 жылдың 12 наурызында түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтері мен ілімін насихаттау мақсатында қала мектептері арасында «Яссауитану» байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың әділқазылар алқасы:Асемханова Г.Б. – қалалық білім бөлімінің әдіскері, Қалкенов С.И. - №16 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалім, Майлыаяқов А.К. – қалалық діни орталығының қызметкері, Қожақов Д.А. – қалалық мұражай қызметкері болды.  Байқау 2 кезеңнен тұрды: І кезеңде байқауға қатысушылардың алдын-ала берілген хикметтерді қай деңгейде жаттағанын анықтау мақсатында хикметтен үзінді айтып, ары қарай кез-келген бір қатысушыға, тоқтаған жерден жалғастырып әкетуді бұйырады. ІІ кезең: оқушылар Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге қатысты алдын ала дайындалған сұрақтарға жауап береді. 
Байқау нәтижесінде: белсенді қатысқаны үшін №9 ОМ оқушысы – Амантаева Айнұр , ІІІ орынды  - №24 орта мектеп оқушысы Жүзбаева Сымбат, ІІ орынды - №8 ОМ оқушысы – Дарханқызы Мадина, І орынды №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Ерланова Диана иеленді.