«Әнім де сен, жырым да сен жан ана» тақырыбында фестиваль
03.03.2016 күні №15 мектеп – лицейде 8 – наурыз аналар мерекесіне арналған «Әнім де сен, жырым да сен жан ана» тақырыбында фестиваль өткізілді. Фестивальдің мақсаты:Анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру.Үлкенге ізет,кішіге қамқор, үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Балалардың ой-өрісін, танымын, анаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту. Ана туралы әндерді нақышына келтіре орындауға дағдыландыру.
Бұл фестивальге мектеп – лицейдің 2- 9 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар өздерінің аналарына, әжелеріне деген ыстық ықыластарын «Анашым», «Ана туралы жыр», «Мама», «Анажаным», «Сағындым әже өзіңді» сияқты әндерімен жеткізді.
Дата: 5.03.2016, 8:22 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі