Ауғанстан-жүректегі жара
29.02.2016 күні оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында 6 «Ә»сыныбының сынып жетекшісі С.С.Мустафинаның ұйымдастыруымен «Ауғанстан-жүректегі жара» атты кездесу болып өтті. Оқушылар өз ойында жүрген сұрақтар қойып пікір алмасты . Аязбаев Мұрат Жолдасбаевич өз басынан өткен әскери киындығымен қызық кездерін фотолары арқылы көрсетті. Оқушылар қандай қиындық пен келген тәуелсіздік екенін түсінді деп ойлаймын. Мұрат ағай Ауғанстанда жүргенін анасына айтпағаны туралы, басқа жерде жақсы отан қорғап жүрмін деп хат жазатынын өз ризашылығымен айтты. Ол кісінің анасы уайымдамай жүрсін деген ойын ашық айтты. Одан кейн ол кісіден ән сұрадық гитара мен өлең айтты. Естелік болсын деп суретке түсіп, мектеп –лицей директоры Қарлығаш Шакаримовна алғыс хатпен марапаттады.