2016 жылдың 27-01 аралығында «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

2016 жылдың 27-01 аралығында                                                                                            «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы  АҚПАРАТ

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқы ассамблеясының 22-сессиясында Қазақстандағы халықтардың бір-біріне және қазақтарға алғыс білдіру күнін атап өтуді ұсынған болатын.2016 жылы Президент жарлығымен «1  наурыз -  Алғыс айту» күні болып  белгіленді. Бұл дәстүр қазақстандықтарды бір-біріне барынша жақындастырып, мейірімділік пен махаббат мерекесі болды.

Мақсаты: мектеп-лицей оқушыларының  «сыйластық» құндылығы туралы  түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру,үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке , өзге ұлт өкілдерін сыйлауға,  достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. 

  Аталмыш күнге орай іс-шаралар жоспары құрылып, мектеп-лицей оқушыларына, педагогикалық ұжымға таныстырылды. Көшбасшылар мектебінің ұйымдастыруымен І қабатқа тақырыптық стенд қойылды.«Достық пен бірлік –толеранттылық» тақырыбында мектеп-лицей кітапханашыларының ұйымдастыруымен кітап көрмесі қойылды.

27 ақпан күні мектеп-лицей психологі Карина Г.Т. мектеп-лицей оқушыларынан «Кімге алғыс айтамын?» деген сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 1036 оқушыдан 824 оқушы қатысып 79% құрады. Нәтижесінде, оқушылар Елбасына -100%, ата-аналарына 100 %, бауырларына -20/2%, құрбы-құрдастарына-85/10%, мектеп-лицей директорына-72/9%,  мектеп-лицей  әкімшілігіне-30/4%, мектеп-лицей ұжымына-34/4% алғыстарын білдірді. Мектеп-лицейдің 96 мұғалімінің ішінде 61 мұғалімге алғыстарын білдірген, 64% құрайды. 29 ақпан күні өткен саптық жиында  мектеп-лицей психологі Карина Г.Тсауалнама  қорытындысын айтып,«Үздік алғыс иегерлерін» марапаттады. Олар:  Садвакасова А.Т. Жасымхан Н.М. Сапарова Г.Б. Толеуова М.М.

27.02.2016 күні 5«Ә» және 6 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің Д.Е.Икласбаева, А.О. Баженованың  ұйымдастыруымен  «Қазақстан-бірлік пен татулық мекені» атты өзге ұлт өкілдерімен дөңгелек үстелі өтті.Мақсаты: оқушыларға  Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Оған мектеп-лицейіміздің ардагер ұстазы, ҚР Білім беру ісінің үздігі,  "Риторика» таңдау курсының мұғалімі Н.Н Силуянова, ҚР Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, француз тілі және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Н.Г.Жунус,мектеп-лицейіміздің асхана меңгерушісі, армян ұлтының өкілі Л.Л.Унанян, корей ұлтының өкілі, біздің мектеп-лицейіміздің 2 «Б» сынып оқушысы Р.Огай қатысты.

 «1 наурыз- Алғыс айту күніне» орай  №15  мектеп-лицейдің мәжіліс залында жаратылыстану-математика кафедрасының онкүндігі аясында «Жас зерттеушілер» атты ғылыми-практикалық конференция  өтті.

 Бұл конференцияны ұйымдастыру мақсатымыз  оқушылардың зерттеу жұмыстары  арқылы оқушылардыңталантын жетілдіріп, шығармашылық  ізденіске баулу ,оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру. Осындай дарынды оқушылармен жұмыста ата-ананың ролі ерекшы болғандықтан,  мектебіміздің ата -аналар  қауымдастығының мүшелері және талантты, дарынды оқушылардың ата-аналары қатысты.  Конференцияда мектеп-лицейіміздің 5-8 сыныптар арасындағы облыстық және республикалық ғылыми-практикалық байқаулардың жүлдегерлері өздерінің жобаларын оқушылардың және ата-аналардың  алдында қорғады.

         Ата-аналардың  пікірі бойынша ең үздік жоба олүш тілде қорғалған  8 сынып оқушылары Несипбаева Алуа, Кенжебекова Сымбаттың ғылыми жұмыстары жетекшісі Сулейменова С.С. және Сессиева Томиристің  ғылыми жұмысы жетекшісі Малгаждарова А.И..  Конференция қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар табысталды.

         Конференция барысында «Алғыс айту» күніне орай мектеп-лицейішілік«Innovation» ғылыми-білім беру орталығымен бірлескен дәстүрлі «Шексіз математика» халықаралық турниріне оқушының математикадан білімін шыңдау, шынайы түрде бәсекеге түсуге үздіксіз ықпал жасап, «Мектеп - Ата-ана» арасындағы ынтымақтастықты арттыруда зор үлес қосып отырғаны үшін ата-аналарға: Жумагулов Т.Ж.,  Маканалин Т.И. , Кішкентаев Т.Т., Оспанов Е., Темирова А.Ж.  т.б.   33 ата-анаға алғыс хат берілді.

  Елбасы Жарлығымен 1 наурыз күні Алғыс айту күні болып жариялануына байланысты Республикалық «Алғыс күніне» орай ұйымдастырылған 9 «А» сыныбында «Ынтымағы жарасқан-Мәңгілік еліме мың алғыс!» атты танымдық тәрбие сағаты өткізілді.  Сабақтың мақсаты:Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету. Сабақта оқушыларға Қазақстан көп ұлтты мемлекет, басқа ұлт өкілдері ынтымақта, бірлікте, татулықта бір шаңырақ астында тұрып жатқандығы Елбасының сарабдал саясатының арқасында екендігі айтылып, оқушылар арасында айталқы жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар  өздерінің алғыстарын шын көңілден білдірді. Осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне, Ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылуы, бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым екендігіне Тәуелсіз Мәңгілік Елімізге, Елбасына шексіз алғыс білдіру сабағымыз өз мәресіне жетті.

 9"Ә" сыныбында «Сталиндік саясат және Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар сол кездегі солақай саясаттың арқасында елімізге көптеген ұлттардың қоныстануын, тағдырын қазіргі уақытта бір шаңырақ астында тату- тәтті өмір сүріп жатқандығы туралы ақпарат алды.

29.02.2016 жылы  №309 оқу бөлмесінде 9 Б сыныбымен «Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділігі: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық  қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.

Кездесетін бюрократия, репрессия, тоталитаризм термин сөздермен тәрбие сағатымыз әрі қарай өз жалғасын тапты.

Топтық жұмыс яғни ой дамытуда әр топқа  5-минут уақыт берілді

1-топ тапсырмасы Тоталитарлық жүйенің орнауы.

2-тапсырмасы   Қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы өкілдеріміз.

Өр топ белгіленген уақыт бойынша тапсырмаларын орындап қорғап шықты.

Әр топ сөзжұмбақтар шешіп тақырыпқа байланысты тест тапсырмаларын орындады. Қорытындылай келе, Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды. Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты. Қазақ халқын қынадай қырған сол бір сұрапыл нәубатқа мәңгі лағынет айтамыз!

   9"В" сыныбында сыйластық қарым-қатынасы, әдептілік жайында әңгімелеу. Өзіне қамқорлық жасаушыларға ризашылығын білдіріп отыруға және балаларды биязы, инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті болуға тәрбиелеу мақсатында «Ризашылық пен алғыс айту» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар топтық жұыстар орындап, сахналық көріністер қойды. Сынып жекешісі Жасымхан.Н.

 01.03.2016 күні адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу маөсатында «Достық аясында» атты фестиваль өтті. Фестиваль барысында достық, туған жер, қала, ана туралы әндер шырқалды. Қатысушыларға арнайы сұрақтар да қойылды. Жетекшісі: Жакыпбекова Ш.Д., Азимбеков Е.

 Мектеп- лицейіміздің радиоторыбынан көшбасшылар мектебі          «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай ұстаздарына арналғын алғыстарын, әдемі тілектерімен білдірді.

01.03.2016 күні «Алғыс айту» күніне орай «Таңшуақ» шағын орталығының топтары арасында Қазақстандағы өзге ұлт өкілдеріне  құрмет көрсетуде этномәдениетті тәрбие беруде  орыс тілі маманы А.К.Елеужанованың және тәрбиеші А. Ж. Тұтқыштың, музыка жетекшісі Г. Н Нұрғазының ұйымдастыруымен «Масленица» ойын-сауығы аталып өтілді.