Баланың бас ұстазы –ата-ана
Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы бойынша «1 наурыз- Алғыс айту күні» деп жарияланды. Осы еркше күнге орай №15 мектеп-лицейдің мәжіліс залында жаратылыстану-математика кафедрасының онкүндігі аясында «Жас зерттеушілер» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл конференцияны ұйымдастыру мақсатымыз оқушылардың зерттеу жұмыстары арқылы оқушылардыңталантын жетілдіріп, шығармашылық ізденіске баулу ,оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру. Осындай дарынды оқушылармен жұмыста ата-ананың ролі ерекшы болғандықтан, мектебіміздің ата-аналар қауымдастығының мүшелері және талантты, дарынды оқушылардың ата-аналары қатысты. Конференцияда мектеп-лицейіміздің 5-8 сыныптар арасындағы облыстық және республикалық ғылыми-практикалық байқаулардың жүлдегерлері өздерінің жобаларын оқушылардың және ата-аналардың алдында қорғады.
Ата-аналардың пікірі бойынша ең үздік жоба үш тілде қорғалған 8 - сынып оқушылары Несипбаева Алуа, Кенжебекова Сымбаттың ғылыми жұмыстары жетекшісі Сулейменова С.С. және Сессиева Томиристің ғылыми жұмысы жетекшісі Малгаждарова А.И.. Конференция қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар табысталды.
Конференция барысында «Алғыс айту» күніне орай мектеп-лицейішілік«Innovation» ғылыми-білім беру орталығымен бірлескен дәстүрлі «Шексіз математика» халықаралық турниріне оқушының математикадан білімін шыңдау, шынайы түрде бәсекеге түсуге үздіксіз ықпал жасап, «Мектеп - Ата-ана» арасындағы ынтымақтастықты арттыруда зор үлес қосып отырғаны үшін ата-аналарға: Жумагулов Т.Ж., Маканалин Т.И. , Кішкентаев Т.Т., Оспанов Е., Темирова А.Ж. т.б. 33 ата-анаға алғыс хат берілді.
Математика пәнінің мұғалімдері: А.Т. Садвокасова,
Д.Д. Ахметова