«Мәңгілік ел» пойызы акциясы аясында өткізілген педагогикалық слеттің ақпараты
Бүгін, 2016 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасының 25 жылдығы қарсаңында «Мәңгілік ел» пойызы акциясы «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-де «Ы.Алтынсариннің 175- жылдық мерейтойы аясында қазақстандық этнопедагогиканы қалыптастырудағы бірізділік пен тұтастықты «Мәңгілік ел» идеясы арқылы іске асыру жолдары» аттыпедагогикалық слет өтті.
Мақсаты: Этнопедагогиканы қалыптастыруда «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы іске асыру жаңа заман талабы тұрғысынан қарастыра отырып, жас ұрпақтың бойына ата-баба дәстүрі мен өз халқының тарихын қастерлеуге, ең бастысы, отансүйгіштікті нығайту үшін ұлтының рухани-мәдени құндылықтарын бойларына сіңіріп тәрбиелеу.
Слетке Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, министр өкілдері, Қазақстан халық Ассамблеясының республикалық мемлекеттік «қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшы мамандары және Балқаш қаласының білім беру ұйымының басшылары және педагогтары қатысты. Бағдарлама бойынша алғы сөз Альпеисов Амиржан Каирович - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, тарих ғылымдарының докторы, профессор және философия докторы, профессор, акдемик Қазкенов Қазбек Майлыбайұлы, және Қазақ халқы ассамблеясының мүшесі, Қырғыз этномәдени орталығының жетекшісі Исмаилов Шавкат Абдуллаевичке сөз берілді.
Мұғалімдерден құралған үгіт-насихат тобы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінгі таңда педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысының шексіз алаңына айналғанын және ең алдымен, жастарды әлеуметтендіру және патриоттық тәрбие беру - мәдениет пен білім беру саласын жаңғыртудың негізі болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, ұстаздар қауымынан баяндама оқылды. «Ы.Алтынсарин шығармаларындағы оқу – тәрбие тақырыбы бүгінгі заманның «Мәңгілік ел идеясы» - баяндамашы – Қарағанды облысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының аға оқытушысы Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы.«Этномәдени тәрбиені қалыптастырудағы №15 мектеп – лицей тәжірибесі» - баяндамашы - №15 мектеп – лицейінің директоры, тарих пәнінің оқытушысы Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы. «Ы.Алтынсарин шығармалары – Мәңгілік елдің асыл мұрасы» - баяндамашы - С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Елеубекова Әлия Зиядақызы. «Влияние произведении Ы.Алтынсарина на формирование казахстанского патриотизма подрастающего поколения» - №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Акопова Татьяна Михайловна. «Мектеп баспалдақтары» - баяндамашы- Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бөлеген Жанболат .Залдан «Ашық микрофон» Ұстаздардың қолдауы мен ұсыныстары айтылды. Слет соңында «Атамекен» әні шырқалды.