Размер шрифта:

1-10 ақпан аралығында дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес онкүндігі туралы АҚПАРАТ

 1-10 ақпан аралығында дүниежүзілік  қатерлі ісік ауруларына  қарсы күрес онкүндігі туралы   АҚПАРАТ

04.02.2016  күні тақырыптық жоспар құрылып, бекітілді.  Мектеп медбикесі М.С. Аткельтирова дүниежүзілік  қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес туралы концепцияның мазмұнын   педагогикалық ұжыммен таныстырды.

05.02.2016 күні мектеп- лицейдің І қабатында «Салауатты өмір салты - ұлт болашағы» атты  денсаулық бұрышы ұйымдастырылды.

05.02.2016 күні №2 емхананың СӨС  дәрігері Арынбекова А.О  дүниежүзілік  қатерлі  ісік ауруларына қарсы күрес онкүндігінде орай  ұйымдастырылған іс- шаралар төңірегінде 10 - сынып ата- аналарына арайы пофилактикалық жиналыс өткізді. Ата- аналарға аурудың алдын алу шараларын,  скрининг тексеріс туралы ақпарат берді.  Әр адамның денсаулығы маңызды екенін, уақытында тексеріліп отыру керектігін баса назарға алды.

08.02.2016 күні 8 "Ә", 9"А", 9"В",7"Ә" -  сынып ұжымдарында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір – біздің болашағымыз» атты сынып сағаттары өтті.

05-10.02.2016 күндері аралығында «Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күнін және соған ойластырылған   онкологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі онкүндігі аясында «Жарқын болашақ кепілі -   салауатты өмір» мектеп- лицей  кітапханасында  оқырмандарға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Жас өркен» баспасөз мүшелері , аға тәлімгер Абдрахман  Т.Е, мектеп медбикесі  Аткельтирова М.С ұйымдастыруымен мектеп- лицейдің радиоторабында тақырыптық ақпараттар беріліп отырды.

06.02.2016  күні информатика пәнінің мұғалімі Тайжанова Т., Омаров С. 8-10 сынып оқушыларымен мектептің әрбір қабатында орналасқан теледидардан «Жалған ақпаратты жоққа шығару» туралы арнайы бейнефильм көрсетті.

08-10.02.2016 күндері аралығында оқушылардың қатерлі ісік жайлы түсініктерін анықтау мақсатында «Қатерлі ісік деген не?» тақырыбында алынған сауалнама алынды.Сауалнамаға жалпы 8-11 - сыныптардың оқушыларынан 80 оқушыны қатысты.

08-10.02.2016 күндері аралығында 6 "Ә",5"Г",9"Б" -  сынып ұжымдарының ұйымдастыруымен оқушылар «Салауатты өмір, көтеріңкі көңіл»  тақырыбында зерттеп, жинаған ақпараттардан мануал жасады.

09.02.2016 күндері аралығында «Дені саудың жаны сау» спорттық ойындарды мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Жасымхан Н., Тасимбеков Н., әртүрлі сайыстар өткізді.