Ұл балалар жиналысы

Ұл балалар жиналысы

15.01.2016ж. күні мектеп-лицейдің І  - ауысымында  ұл балалар жиналысы өтті. Жиналысқа 118 оқушы қатысты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсекина К.А. І жарты жылдықтың қорытындысы мен таныстырып, мектеп-лицей ережесіне сай болу, мәдени орындарда өзін-өзі  ұстай білуі, т.б. мәселелер жайында айтып өтті. Мектеп-лицей медбикесі Аткельтирова М.С. ұл балалардың тазалығы жайлы баяндама оқыды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бейсембаев А.Н., АӘД мұғалімі Сауғанбаев К.Е., география пәнінің мұғалімі Сатбек С.К. ұл балаларға тәрбие беруде өз ойларын, ақыл-кеңестерін айтты.