«Тазалық- денсаулық кепілі»

«Тазалық- денсаулық кепілі»

13.01.2015 күні мектеп-лицейдің мәжіліс залында «Сырлас» қыздар клубының «Тазалық- денсаулық кепілі» атты кезекті үшінші  отырысы болды. Отырысқа 7-10 сынып қыз балалары, жалпы 121 оқушы  қатысты. Күн тәртібі бойынша директордың тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары К.А.Бейсекина қыз бала тәрбиесіндегі  тазалықтың ерекше орын алатындығы және мектеп ережесіне сай қоғамдық орындарда жүріп тұру тәртібі туралы айтты. Мектеп- лицей медбикесі М.С.Аткельтирова қыз бала гигиенасы туралы баяндама оқыды.