30.12.2015-09.01.2015 күндер аралығында қысқы демалыста өткен іс-шаралар туралы ақпарат

Мақсаты: оқушылардың қысқы демалысын дұрыс ұйымдастырып, білімдері мен бойларындағы қабілеттерін жан-жақты дамыту.

Қысқы демалысқа іс-шаралар жоспары 25.12.2015 күні бекітіліп, 30.12.2014 күні қалалық білім бөлімінің жоспары бойынша толықтырулар енгізіліп, бекітілді.

25.12.2015 күнінен бастап оқушылардан және ата-аналардан оқушылардың қысқы қозғалыстары алынды. Сонымен қатар, демалыс кезіндегі оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігіне ата-ана тікелей жауапты екені көрсетілген қолхаттар балалардың заңды өкілдерінен, яғни ата-аналарынан алынды.

02.01.2015 күіненбастап Қазақстан Республикасының «Білім заңы» бойынша жалпыға білім беру айлығы бойынша Балқаш қаласы әкімінің қаулысы бойынша мектеп-лицейге белгіленген мөлтек аудан аралау басталды. І жарты жылдық бойынша аутодиструктивті әдеттер байқалған оқушылардың үйлері араланып, АКТ жасалды. Сынып жетекшілер мереке күндері оқушылардың үйлеріне қоңырау шалып, оқушылардың іс-әрекеттерін қадағалап отырды.Жауапты: әлеуметтік педагог Балқыбекова Ж.М. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бейсекина К.А., мектеп психологтері Карина Г.Т. және сынып жетекшілер.

      

30.12.2015 күні  қалалық деңгейде өткен «Жаңа жыл, жаңа әуен» мерекелік музыкалық бағдарламаға  кіші шаруашылық қызметкерлері,мектеп- лицей мұғалімдері Серикова Г., Тойшыбекова Б., Аупешова А., Апжаппарова А.Н қатысып қайтты.

30.12.-05.01.2016 күндері   аралығында 7"А " сыныптың үздік оқушысы Ерғали Әсем Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» сауықтыру орталығына барып, демалып сол жерде өткен Президент шыршасына қатысып қайтты. 

04.01.2016 күні  2  сынып оқушылар арасында ЖЖЕ залында Имухамедова Т., Тергеубаева К.А., ұйымдастыруымен «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» интеллектуалдық сайыс болды. Сайысқа 12 оқушы қатысты.

Сайыс 4 айналымнан тұрды.1 айналым: «Дода». 2 айналым: «Бәйге». 3 айналым: «Көкпар». 4 айналым « Сөз ойла, тез ойла». 5 айналым «Ұшқыр ой»-деп аталады.

   

04.01.2016 күнідебат үйірмесінің жетекшісі Тұтқыш А. ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен №305 оқу бөлмесінде  ««ЭКСПО-2017» бізге не береді?» атты пікір талас өтті. І орынды 9 В сынып оқушысы  Сатмағанбетов А. Амантаев А., ІІ орынды 8Ә сынып оқушысы Мәжіліс Ж., Махмұт С. иеленді. Дебат тартымды өтті, оқушылар өз ойларын ортаға сала алды. 

  

03-05.01.2016 күндері аралығында біздің мектеп- лицей оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға қатысып жүлделі орындарға ие болды. 11"А" сынып оқушысы Қасқабайұлы Әбдібек Қазақстан тарихы пәніне ІІ орын. Жетекшісі: К.Ш.Дубирбекова, 10"А"  сынып оқушысы Садырбаева Зарина математика пәнінен ІІІ орын, жетекшісі Садвакасова А.Т, 9"В"  сынып оқушысы Данықбай Диас химия пәнінен ІІІ орын,жетекшісі Ахтанова Б.Б.

    

05.01.2016 күні шахмат үйірмесінің жетекшісі А.Нурмағанбетовтың ұйымдастыруымен мектеп- лицейдің №204 оқу бөлмесінде шахматтан жарыс өткізілді. Жарысқа 3-6 сынып оқушылары белсене қатысты. 20 оқушы қатысқан сайыста 1 орынды 6 А сынып оқушысы Кисебаева Н, 2 орынды Садырбай С., 3 орынды Бағдат А.иеленді.

  

05-06.01.2016 күні  оқушылар сарайында өткен «Қош келдің, Жаңа Жыл!» би бағдарламасына 5-6 сынып оқушылары қатысып қайтты Қатысқан оқушылар саны: 40. Жауапты: Сулейменова С.С., Сапарова Г.Б.

  

05-07.01.2016 күні аралығында технология пәні мұғалімі А.Әбеудің жетекшілігімен «Әсем қыс әшекейлері» сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар арнайы марапаттауларға ие болды.

 

06.01.2016 жылы «Таңшуақ» шағын орталығына  мектеп-лицей кітапханасы  жылжымалы «Мейірімді кітаптар патшалығында» атты   кітап көрмесімен  таныстырып, бүлдіршіндермен ертегілер еліне  сыр шертіп, саяхат жасады.

06.01.2015 күні музыка пәнінің мұғалімдері Ш.Д.Жақыпбекова және Е.Әзимбековтың ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларының арасында «Ән-жұмбақ» сайысы болып өтті. Сайыс нәтижесі бойынша: І орын -6"Б" сыныбы, ІІ – орын- 6"В" сыныбы, ІІІ орын- 6"Г"  сынып ұжымы алды.

   

08.01.2016 күні оқушылардың бойында патриоттық тәрбие беру мақсатында  7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Үлгі істері- бізге өнеге» атты қаланың құрметті азаматтарымен кездесу өтті. Қонаққа Балқаш қаласының құрметті азаматы, ҚР оқу ісінің үздігі,  ұлағатты ұстаз Бадиша Махатқызы, ҚР мәдениет саласының үздігі, өлкетанушы, тарихшы, журналист Сардарбек Күләш Ыбжанқызы, ҚР-ның денсаулық ісінің үздігі, ақын «Сағыныш сазы» кітабының авторы  Бекмағанбетов Көбен Садықұлы. Кездесу өте  тартымды өтті. Жауапты: Усенбекова С.У., Сатенова Ш.Ш.,Казангапова Р.Ш.  Аупешова А., Башарова Г.Т.

 

08.01.2016 күні домбыра үйірмесінің жетекшілері Б.Қ.Қалиасқарова, А. Жарова «Алтын домбыра» атты дәстүрлі ән, күйлерден концерттік бағдарламасын өткізді. Қатысқан оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрсетті. Қонаққа ата-аналар, қалалық өнер мектебінің оқытушылары да қатысты. 

  

06-08.2016 күндері аралығында мінез -құлқында ауытқуы бар оқушылармен мектеп пихологтері Г.Т.Карина, А.Г.Тлеуберлина бір – біріне  деген мейірімді қарым – қатынас қалыптастырумақсатында  «Мен мейірімді адаммын» атты тренинг өтті.Соңында оқушылардан бүгінгі өткізілген тренинг ұнағаны  немесе ұнамағаны жөнінде кері байланыс  жүргізілді. оқушылар өз ойларын  сыныбын ғана көрсетіп бір парақ қағазға  жазып кетті. 

04-06.01.2016 күндері аралығында мектеп- лицейдің үлкен спорт залында 8-9 сынып оқушылар арасында волейболдан жарыс өтті.

7-8 сынып оқушылар арасында баскетболдан сайыс өтті. Жауапты: Алимбетова С.А.

Қысқы демалыс кезінде оқушылар келіп мұғалімдерден қосымша сабақтар алып, тапсырмалар орындады.

Қысқы демалысқа жоспарланған іс-шаралар барысында оқушылар жауапкершілікпен қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.