Размер шрифта:

Жаңа жыл- жаңа нұр

Жаңа жыл- жаңа нұр

29.12.15 күні  9,10,11 сыныптарға арналған «Жаңа жыл- жаңа нұр» атты шырша 10 сынып ұжымының ұйымдастыруымен өз деңгейінде  өтті.Сынып жетекшісі Садвакасова А.Т.  Мерекелік кешке Балқаш қаласының білім бөлімінің әдіскері Айнабекова К.К., 10 сынып қамқоршылық кеңесінің төрайымы Тлеукулова Қ.А. қонақ ретінде келді. Негізгі бөлімінде директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Ерменбетова Г.Ө.  2015 жылдың жетістіктеріне тоқталып, 50-ші олимпиаданың жүлдегерлеріне сыйлықтарын табыс етті,  «Жаңа жыл кеші»  бағдарламасымен жалғасты. Бағдарламаның жүргізушілері Жамел Е. мен Дулатов М. 9-11 сынып оқушыларын сайыс кезеңімен, әділ- қазылар алқасымен  таныстыры. Сайыс кезеңіне сәйкес әрбір сыныптан шыққан жұлдыз өз сыныбының жетістіктерін де атап айтып кетті. Сайыс көрермендердің көңілінен шығып қатысушылар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.