Қош келдің Жаңа Жыл

Қош келдің Жаңа Жыл

«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-де 26 желтоқсан күні 5-6 сыныптар арасында "Қош келдің Жаңа Жыл" мерекелік кеші өтті. Жаңа жыл шымылдығын   6 - сынып оқушылары жастар биімен ашты. Жетелі елдің білімді ұрпақтарын тәрбиелеп келе жатқан мектеп - лицей директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы  оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Жаңа жыл мерекелік кешіне ертегі кейіпкерлері қатысты.  5 - 6 сыныптар өз өнерін көрсете білді. Оқушылар жаңа жыл кешіне ән салып, би биледі, Аяз атадан сыйлықтарын алды. Кешіміз әрі қарай шырша жанындағы көңілді ән мен биге, ойын-сауыққа жалғасты. Жаңа жыл өте қызықты, көңілді өтті!