16 желтоқсан «Тәуелсіздік – жыр әнім, мектебім – мөлдір бұлағым!» салтанатты саптық жиын

16 желтоқсан «Тәуелсіздік – жыр әнім, мектебім – мөлдір бұлағым!» салтанатты саптық  жиын

15.15.2015  күнімектеп-лицейдің үлкен спорт залында  16 желтоқсан «Тәуелсіздік – жыр әнім, мектебім – мөлдір бұлағым!» салтанатты саптық  жиын ұйымдасқан түрде өтті. Барлығы 1-ауысым бойынша 500 оқушы, , мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, үйірме жетекшілері  және пән мұғалімдері қатысты. Сонымен қатар, салтанатты саптық жиынға арнайы шақыру қағазы әзірленіп, құрметті қонақтар және ата-аналар шақырылды:

Келген қонақтар:

1.     Ардагер  ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі– Силуянова Надежда Николаевна

2.     ҚР Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері,  жоғары  санатты француз тілі пәнінің және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, мектеп-лицейдің оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасуына еңбек сіңірген ардагер  ұстаз – Жунус  Несипкайша Ғылымжановна.

3.     Ардагар ұстаз, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аскаров Мадияр Чалкарбаевич

4.     2014-2015 оқу жылын түлегі,қалалық, облыстық, республикалық ғылыми жоба сайыстарының жеңімпазы, Мәскеу қаласы В.И.Вернадский атындағы Бүкілресейлік гуманитарлық бағыттағы ғылыми зерттеу конкурсының иегері  Өмірбаев Абылайхан Азаматұлы ортаға шақырамыз.

5.     8Ә сынып ұжымының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қали Айжан және 8А сынып ұжымының ата-аналар комитетінің мүшесі Қабланбекова Әсем.

Салтанатты саптық жиын мемлекеттік гимннің орындалуымен ашылды.

Мектеп-лицей директоры, көшбасшы К.Ш Дубирбекова құттықтау сөз сөйлеп, мектеп- лицей оқушыларының, мектеп ұжымының жетістіктеріне тоқталып,  16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне  мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – жыр әнім, мектебім – мөлдір бұлағым!» іс-шаралардың қорытындысы бойынша марапаттауларды тапсырды.

Келген қонақтардан сөз 2014-2015 оқу жылын түлегі,қалалық, облыстық, республикалық ғылыми жоба сайыстарының жеңімпазы, Мәскеу қаласы В.И.Вернадский атындағы Бүкілресейлік гуманитарлық бағыттағы ғылыми зерттеу конкурсының иегері  Өмірбаев Абылайхан Азаматұлына берілді.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған 4Ә сынып ұжымының «Самұрық» үгіт-насихат тобының өлеңдері тыңдалды.

«Шабыт» домбыра үйірмесінің оқушылары «Балбырауын» күйін тарту етті.

 Кең даланың жүрегіне үн қосқан, мектеп-лицейіміздің «Назғұмыр» би тобының «Нұрлы жол» композициясы қойылды.

Салтанатты саптық жиын «Бәйтерек» хорының «Егемен Қазақстан» әнімен аяқталды.