«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатының ақпараты

«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатының ақпараты

Тәуелсіздік күні қарсаңында 14.12.2015 күні мектеп – лицейде Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар  мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5 сыныптардың үздік, озат оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.

5А, 5Ә, 5Б, 5В, 5Г сыныптың оқушылары ант қабылдап, мектеп әкімшілігі мен жас түлектер жасұландықтарға туымыз  түстес көк галстуктары мен төсбелгілерін тағып, ұйымның әнұранын айтты.

Жас Ұландықтарды мектеп- лицей директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы құттықтап, 7 А сынып оқушыларынан құралған үгіт - насихат тобы «Жас Ұлан» жайлы мәліметтер айтты.

 Салтанатты жиынды  Бәйтерек тобы «Туған жер» әнімен аяқтады.