«Туған күніңмен алтын ұя мектебім!»

«Туған күніңмен алтын ұя мектебім!»

12.12.15 күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 24 жылдығына және «Балқаш қаласының №15 мектеп- лицейінің 7 жылдық мерекесіне арналған іс- шаралар өтті. Мектебіміздің көшбасшылары радиотораптан 1-2 ауысымда да өздерінің жүрек жарды өлеңдері мен тілектерін мектепке арнап арнап оқыды. Мектептің І қабатында  «Туған күніңмен алтын- ұя мектебім» атты бұрышқа оқушылар өз шеберліктерін көрсете отырып әр түрлі дизайнды, мазмұнды да мәнді ашық хаттар жасап ілді. Әрбір ашық хаттың іші шын жүректен шыққан тілектер мен жүрек жарды өлеңдерге толы болды.