«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы аға тәлімгерлер күніне арналған слет ақпараты

 «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы  аға тәлімгерлер күніне арналған слет ақпараты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 2015-2016 оқу жылының 11 желтоқсанында қаламызда «Тәлімгерлер күні» аталып өтті. Тәлімгер - оқушылардың алған білімдерін өздігінен орынды қолдана білуіне, шығармашылық қабілетін, логикалық ойлау дағдысын арттыруда үлес қосатын шығармашыл, идеяшыл, бағыт- бағдар беруші.

Осы шара барысында жас жеткіншектердің отансүйгіштік, патриоттық және білімге деген құштарлық қасиеттері айқын сезіліп отырды. Мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсетіліп, аға тәлімгерлер ант қабылдады.

Оқушылар сарайында өткен бұл іс- шараға қаламыздың үздік үгіт насихат топтары (№10 орта мектеп, №25 орта мектеп, №15 мектеп- лицейі) мен әнші- бишілері өз өнерлерін көрсетті.