Мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ықпалдастық
Мақсаты: Ата- аналарды оқыту, бала тәрбиесіндегі олардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
13 -26.11.2015 күндері аралығында ІІ тоқсан бойынша «мектеп- ата-ана- мұғалім- оқушы» ынтымақтастығын жандандыру мақсатында 2-11 сынып аралығында кеңейтілген ата- аналар жиналысы өтті.
Мәжіліс залда өткен пленарлық отырыстың модераторы мектеп- лицей директоры К.Ш.Дубирбекова, күн тәртібі бойынша бірінші директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары К.А. Бейсекина, И.Ж. Жуматова«Мектеп – ата-ана – ұстаз арасындағы ынтымақтастықты арттыружолдарын» (мектеп-лицей Жарғысының және мектепішілік бұйрықтардың орындалысы) айтты.Екінші сұрақ бойынша яғни, І тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Б. Жакыпбекова айтты.«Ата – ана бақылауы» қызметі интернеттегі жағымсыз ақпараттардан, рұқсат етілмеген контенттерді сүзгіден өткізуді қамтамасыз ету мақсатында директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Т.Ж.Тайжанова «Қауіпсіз интернет» іс-шараларын күшейту (әлеуметтік желілер, қауіпті сайттар) туралы маңызды ақпараттар беріп, ата-аналарға үнпарақтар таратты. Үшінші сұрақ бойынша деңгейлік курс тәмамдаған ұстаздар Ш.Ш. Сатенова, З.А.Джакупова, Б.Қ.Мырзанбек, Г.Мыңғышқызы, Ж.Сулейменова МДЖ жоспарын негізге ала отырып, жеті модульді іске асыру барысында «Критериалды бағалау» сабақ барысында қалай іске асып жатқандығы туралы ақпараттар берілді.
Отбасылар күнінде оқушылардың қолдан жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. «Мерейлі менің отбасым» атты мануалдар қойылды, оқушылардың шын жүректен жазған шығармалары да бар.Келген ата-аналар өз балаларының жасаған бұйымдарын көріп, кері байланыс алды.
Пленарлық отырыстан кейін екінші бөлімі бекітілген сынып бөлмесінде жалғасын тапты. Ата-аналар өз пікір, ойларын түйіндеп, ұсыныстарын кері байланыс парақшаларына жазып қалдырды.