1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған қала мектептері ұлдар командасы арасында волейбол біріншілігі
18-26 қараша аралығында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған қала мектептері ұлдар командасы арасында волейбол біріншілігі болып өтті. Волейбол біріншілігіне қаламыздың 15 жалпы білім беретін мектептерінің командалары қатысты. Жартылай финал 26 қараша күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-нің спорт залында өтіп, нәтижесінде №7 мектеп-гимназиясының, қалалық гимназия командасы, №2 Абай атындағы лицей және №15 мектеп-лицей командалары финалға жолдама алды. 01.12.2015 күні Балқаш қаласының дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде волейбол біріншілігінің финалы өтті. Нәтижесінде, IV орын - №7 мектеп-гимназия, ІІІ орын - №2 Абай атындағы лицей, ІІ орынды – қалалық гимназия алса, І орынды №15 мектеп-лицейі иеленді.
Дата: 3.12.2015, 1:46 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі