Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға» атты салтанатты саптық жиын

Елбасының  өмір жолынан  үлгі  ала отырып  Отанын, халқын  сүюге, ержүректілікке  азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде  елбасына деген  сүйіспеншілік  сезімін  ояту, құрметтеу   мақсатында  Тұңғыш Президент  күні  мерекесіне арналған  «Елі еріне, ері  еліне  сенген  ұлы  тұлға» атты салтанатты  саптық жиын ұйымдасқан түрде өтті.

Келген қонақтар:

1.     Балқаш қаласының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер  кеңесінің төрағасы – СоветКаукербекұлы

2.     Ардагер ұстаз, «Балбұлақ» үйірмесінің жетекшісі– Калиева Несипбала Қалиевна

3.     Ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі– Силуянова Надежда Николаевна - 

4.     Қазақтан Республикасының Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері,  жоғары  санатты француз тілі пәнінің және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, мектеп-лицейдің оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасуына еңбек сіңірген ардагер ұстаз – Жунус Несипкайша Ғылымжановна.