10-20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат
Мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.
10.11.2015 күні«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында атқарылған іс-шаралар жоспары құрылып, мектептің І қабатында ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды.Жауапты: Абдрахман Т.Е.
11.11.2015 күні №304 оқу бөлмесінде 9 сыныптар арасында «Балалар құқығын және қызығушылығын қорғау» тақырыбында пікірталас өтті. Барлығы 18 оқушы қатысты. Оқушылар балалардың құқықтары туралы, заңдар туралы талқылады, пікірталас тартымды өтті. Жауапты: Тұтқыш А. ,Бейсекина К.А.,Амирова А.А.
12.11.2015 күні Қалалық мәжіліс депутаты Тусупбеков С. Д. Кездесу өтті.
13.11.-19.11.2015 күні 9А, 9Ә, 9Б, 9В, 10А,11А сынып ұжымдары, пән мұғалімдері және ата- аналармен бірге «Адам құқығы – бала құқығын қорғаудан басталады» тақырыбында кеңейтілген жиналыстар өтті. Сатбек С.К,Амирова А.А,Ахтанова Б.Б,Серикова Г.А.,Садвакасова А.Т, Тайжанова Қ.Б.
13.11.-14.11.2015 күні 4 сынып ұжымымен мектептің кіші спорт залында «Біз бақытты баламыз!» атты флешмоб өткізілді. Барлығы 30 оқушы қатысты.Жауапты : Алимбетова С.А
16.11.2015 күні мектептің үлкен спорт «Бала Конвенциясы – менің құқықтарым мен міндеттерімнің кепілі» атты саптық жиын өтті. Үгіт насихат тобы бала құқығы, конвенция туралы насихат жасады.
16.11- 19.11.2015 күні мектептің 1,3 қабатында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптық видеоролик көрсетілді. 1 -9 сыныптар аралығында «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында бейнетаспа көрсетіліп, ақпараттар беріліп отырды. Бейнетаспада «Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы екендігі, бала құқығы декларациясының, бала құқықтары туралы конвенцияның, заңның қабылданған жылы» туралы ақпараттар көрсетілді.
16-17.11.2015 күні оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында «Құқығыңды білу-өзіңді қорғау» мектеп-лицейішілік шығармалар сайысы 5-9 сыныптар аралығында өткізілді. Сайыс нәтижесінде Төлегенова Жаннұр 8 «Ә» І орын, Тамабаева Күнасыл 9 «А», Кусаинова Светлана 8 «Б» ІІІ орынға ие болды. 11 оқушы қатысты. Жауапты: Серикова Г.А
16.11-18.112015күні 2-5 сынып оқушылары «Мен әлемді сүйемін!» сурет көрмесі ұйымдастырылды.Жалпы 18 оқушы қатысты.Жауапты: Адайбекова Ж.К
17.11.2015күні «Бала құқығы – адам құқығы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Барлық 8 сыныптан 25 оқушы қатысты.Жауапты: Джакупова З.А, Кульбаева Б.Т
18.11.2015 күні 18.11.15 күні 5-10 сыныптар арасында «Жаман әдеттен аулақ болайық» атты тренинг өтті. Тренинг 6, 7, 8 сыныптарда толық өтті. Тренингте оқушылардың арасында қарым-қатынасын жақсарту, өз ойларын ашық білдіре алуға үйрету, жаман әдеттің адам өмірінде алған орнын, оның себебін анықтау мақсаты болды.Жауапты: Акшалова А.Т
Тренингте оқушылар пікір-таласып, ойындар, жағдаяттар, шығармашылық тапсырмалар орындады. Тренингтің соңында рефлексия өтті. Рефлексияның қорытындысы бойынша тренинг 100 пайыз оқушыларға ұнады.
18.11.2015 күнімектеп оқушыларының көшбасшылығымен қаламыздағы жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сағат 15:00– де мектептің Мәжіліс залында «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық концерті болып өтті.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жиналған оқу құралдар, киім– кешектер Қоңырат кентінде орналасқан №3 мектеп – интернаты тәрбиеленушілеріне жіберілді және жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлыққа тарту етті.
19.11.2015 күні8 «Ә», 9 «Ә», 9 «Б», 9 «В» сыныптары арасында
«Мен Қазақстанның азаматымын» атты тақырыбында викториналық жарыс өтті. Жарыс 3 кезеңнен тұрды.Әр сыныптан төрт оқушыдан қатысты. 8 «Ә» сыныбы. Хасеин Нұршат, Төлегенова Жаннұр, Мерейбекқызы Жанар, Арсен Нәби.9 «Ә» сыныбы. Сатимов Алишер, Мурзабекова Лаура, Бекбосын Әмина, Қасқабайұлы Темірлан.9 «Б» сыныбы. Джасасина Алина, Абеуова Жансая, Абельева Даяна, Сейділда Үміт.9 «В» сыныбы. Сатмағанбетов Айбек, Серік Мейрам, Амантаев Азиз, Данықбаев Диас. Жауапты: Ермағанбетова А.А, Амирова А.А
19.11.2015 күні «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндіктің қорытындысы шығарылып, БАҚ беттеріне жарияланды. Жауапты: Бейсекина К.А., Жуматова И.Ж.