«Діни экстремизмнің алдын алу шаралары»
20.11.2015 күні мектептің мәжіліс залында 9-10 сынып оқушыларымен «Діни экстремизмнің алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу. Кездесуге Балқаш қаласының дінді зерттеу және талдау орталығы Кокобаев Нурлан Омарович, Балқаш қаласы мешітің наиб имамы Айтказин Рауан Толеубекулы және білім бөлімінің әдіскері Әсемханова Базылханова Гульнара Базылханқызы қатысып, оқушыларға келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында лекция оқылып, тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Оқушылар келген қонақтарға өздерін толғандырып жүрген сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Келген қонақтар сұраққа толық, нақты түрде жауап беріп отырды. Соңынан әр түрлі сұрақтардың көмегімен оқушылардың діни сауаттылықтарын байқау үшін блиц- турнир жүргізілді.